Кенжин Төлеш Әукебайұлы

Еңбек жолын 1961 жылы бастаған.
1961-1965 жылдары ҚКҒЗИ лаборанты.

1965-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.

1968 жылы «Северная» шахтасында хронометражшы, жерасты электр дәнекерлеушілерінің бригадирі, жерасты дәнекерлеушісі қызметтерін атқарған.

1968 жылдан КОКП мүшесі.

1969 жылы «Кешенді механизация технологиясы» мамандығы бойынша тау-кен техникумында білім алған.

1973 жылдан басшылық және партиялық қызметте: «Шахтинск» шахтасы директорының көмекшісі, шахта партия комитетінің хатшысы, ауысым басшысы, техникалық кешен шебері.
1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

1977-1979 жылдары «Целиноградэлеватормельстрой» Қарағанды ЖМК жабдықтау бөлімінің дәнекерлеушісі, «Сарань» шахтасы директорының орынбасары.

1981 жылы ликер-арақ зауыты дайын өнімінің экспедиторы.

1989-1993 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

1990 жылдардың ортасынан бастап Қарағанды облысындағы коммунистік партияны басқарған.

2004 жылы Қазақстан Коммунистік халық партиясының құрылуына қатысқан, осы жылдан бастап Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру жөніндегі хатшысы болған.

2004 жылы № 38 округтан Қазақстан Республикасының депутаттығына үміткер болған.

2006 жылы Қазақстан Коммунистік халық партиясының атынан Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелігіне өткен.

2012 жылғы 18 қаңтардан V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.