Қоңыров Айқын Ойратұлы

V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Екі жоғары білімі бар – Көкшетау мемлекеттік университеті («Орыс тілді емес мектептердегі орыс тілінің мұғалімі», 1998 ж.), «Фемида» Қарағанды заң академиясы («заңгер-құқықтанушы», 2006 ж.).

Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев орта мектебін тәмәмдаған соң Куйбышев аудандық шаруашылық басқармасының автобазасында дәнекерлеуші болып бастаған.

Белсенді түрде кәсіпкерлікпен айналысқан. 2004-2011 жылдары аралығында «News Print» ЖШС жетекшісі қызметін атқарған. («Московский комсомолец в Казахстане» газетін басып шығарған).

2004 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясын құру комитетінің құрамына енген.

2005-2006 жылдары Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы.

Партия тіркелген уақытта ҚКХП Орталық комитетінің аппаратын басқарған.

2008 жылдан бері  ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі, 2012 жылдан бастап ҚКХП ОК хатшысы.

2004, 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚКХП атынан үміткер. 

2007 және 2011 жылғы сайлауларда ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

2016 жылы VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.