Өмірзақов Тұрсынбек Қазенұлы

1981 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.

1981-1991 жылдары  ЦАШИ-да оқытушы.

1987 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне арналған диссертациясын қорғады.

1991 жылы «Азамат» шағын жеке кәсіпорнын құрды.

1993-1995 жылдары Целиноград қаласындағы Тұранбанктің Көлік бөлімшесінің өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелеу бөлімінің бастығы.

1995-1997 жылдары «Әділет» ЗФ ЖШС, «Азамат» ЖШС және т.б. басшысы.

1997-1998 жылдары Ақмола қаласы әкімшілігінің Ақмола «АЭА жоспарлау және келешекті болжау» бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы кәсіпкерлерді қолдау басқармасы бастығының орынбасары.

1998-1999 жылдары ҚР АШМ Жаңа қаржылық технологиялар, несиелік және салық саясаты бөлімінің басшысы.

1999-2007 жылдары Астана қаласы мәслихатының депутаты, «О, Азамат» холдингтік компаниясының басшысы.

2005 жылдан бастап «Атамекен» одағы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық палатасы филиалының директоры.

2006-2007 жылдары Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің «Маркетинг және коммерция» кафедрасының аға оқытушысы.

2007-2010 жылдары Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінің докторанты, 2010 жылы доктор.

2009-2011 жылдары Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушы.

2012 жылдың 20 қаңтарынан V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, 3 дәрежелі «Атамекен» медалімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР Премьер-министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. «Жылдың іскер адамы» байқауының лауреаты атағын иеленген.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.