Сорокин Борис Владимирович

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1971 жылы №4 Алматы автопаркінің жүргізушісі болып бастаған.

1972-1973 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтының 2 санатты жүргізушісі.

1973-1974 жылдары №4 таксомотор паркінің №2 автоколоннасының 2 санатты жүргізуші-кассирі.

1974-1976 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институты «Машина бөлшектері» кафедрасының препараторы, оқу шебері.

1976-1985 жылдары Алматы ВАЗ арнайы автоорталығында 1 разрядты автодәнекерлеуші, шебер, дәнекерлеуші-қабылдаушы, ұйымдастыру жөніндегі инженер, инженер.

1985-1986 жылдары Алматы жүк автокөлігі өндірістік бірлестігінің аға инженері.

1986 жылы автокөлік министрлігінің №2574 автоколоннасының бас инженері.

1987-1990 жылдары «Агропромтранс» облыстық бірлестігінің қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бөлімінің бастығы.

1990-1991 жылдары МТП және құрал-жабдықтарды пайдалану мен жөндеу бөлімінің аға маманы.

1991-1995 жылдары «Автомобилист» кооперативінің төрағасы.

1995-1997 жылдары «Автомобилист» ЖШС директоры.

1998-1999 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы ОК бірінші хатшысының кеңесшісі.

1999-2004 жылдары II шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің ШБ «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РҚМҚ директорының орынбасары.

2012 жылы V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі,Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»мерекелік медальдарымен марапатталған.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.