Косарев Владислав Борисович

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті хатшысы.

Білімі: 1) Омск ауылшаруашылық институты (1968), ғалым-агроном; 2) КОКП ОК Жоғарғы партия мектебі (1972).

Еңбек жолы: 1954-1956 жылдары Көкшетау облысы Рузаевка ауданының «Боровской» кеңшарында тракторшы.

1956-1959 жылдары Кеңес Армиясында әскери борышын өтеген.

1959-1961 жылдары жүргізуші, Көкшетау облысы, Рузаевка ауданы, «Боровской» кеңшары ЛКЖО комитетінің хатшысы.

1961-1968 жылдары Көкшетау облысы Мичуринский, Володарский, Червонный кеңшарлары партия комитетінің хатшысы.

1968-1970 жылдары Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1970-1974 жылдары ЛКЖО Көкшетау облыстық комитетінің 1-хатшысы. 1974-1980 жылдары Көкшетау облысы, Ленин аудандық комитетінің 1-хатшысы.

1980-1990 жылдары Көкшетау облыстық ауылшаруашылық қызметкерлер кәсіподағы комитетінің төрағасы.

1990-1997 жылдары Көкшетау облыстық Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары «Interteach» денсаулық және медициналық сақтандыру Қазақ ұлттық корпорациясы Көкшетау қалалық өкілдігінің директоры.

1990-2004 жылдары Ақмола облысының №1 округінен ІІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2004-2013 жылдары Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ОК хатшысы (басшысы).

2012-2016 жылдары ҚКХП тізімі бойынша V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет (1973, 1979 жж); «Құрмет Белгісі» орденімен үш рет (1968, 1971, 1976 жж); «Құрмет» орденімен (2012 ж); Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен; көптеген медальдармен марапатталған.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.