БАЙМАХАНОВА Галина Александровна

VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің геология-минералогия ғылымының кандидаты, доцент, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушы.

1994-2011 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, геологиялық барлау факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Ғылыми кеңестің, ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі, Қазақ политехникалық институты кәсіподақ төрағасының орынбасары болған. Еңбек жолында өзін талапшыл әрі жауапкершілігі жоғары педагог ретінде танытқан.

Оқу үдерісіне  «Экологическая геология», «Геологическая съемка закрытых территорий», «Геоэкологическое картирование», «Актуальные проблемы современного недропользования» атты жаңа курстарды құрастырып, енгізген. Қазіргі таңда бұл еңбектер геология мамандығының магистранттарына оқытылады.

Г.А. Баймаханова оқытылатын пәндердің типтік және жұмыс бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін құрастырған. Ол «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығының оқу жоспары мен ҚР білім берудің мемлекеттік стандарттары (бакалавриат, магистартура) авторларының бірі саналады.

Галина Александровна өзінің кәсіби қызметін қоғамдық-саяси қызметпен ұштастыра білген: 70-жылдары геология-барлау факультеті комсомолдық ұйымының хатшысы болған, 1987 жылдан бері коммунист, ҚКП және ҚКХП басқару органдарының құрамына сайланған, 2012 және 2016 жылдары ҚКХП-ның партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланған. 

40-тан астам геология және жоғары арнайы (геологиялық) білім беру мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері және «Пайдалы қазбаларды зерттеулердің зертханалық әдістері» атты оқулығы бар.

«Лабораторные методы исследований полезных ископаемых» оқулығының, барлау және геологиялық барлау жұмыстары қорытындысының 38 есебінің бірлескен авторы. Қазақстан Республикасы геологиялық өндірістік ұйымдары қауымдастығының президенті.

«Ерен еңбегi үшiн» (2013 ж), «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» (2014 ж), «ҚКХП 10 жыл» (2014 ж), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», (2014 ж), «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» (2015 ж), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж) медальдарымен марапатталған.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.