Магеррамов Магеррам Мамедович

VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Білімі жоғары. 2004-2009 жылдары академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1989-1991 жылдарда Забайкалье Қызыл тулы шекара округінде әскери қызметте болған.

1992-1993 жылдары «Тахмина» ШЖК экспедитор.

1993-1994 жылдары «Трабзон» ШЖК директоры.

1995-2000 жылдары жеке кәсіпкер.

2000-2001 жылдары «Зарина» шаруа қожалығымен айналысқан.  

2001-2004 жылдары ҚКХП ОК мүшесі, Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 2004-2012 жылдары ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХКП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

2012-2015 жылдары ҚХКП ОК партиялық ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі.

2015 жылдан 2017 жылдың 18 наурызына дейін ҚХКП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

2016 жылғы 24 наурыздан  VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. ҚКХП тізімі бойынша сайланған.

ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің және Қазақстан халық Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі.

Спорттағы, оқудағы табыстары үшін және БЛКЖО қоғамдық жұмысы үшін грамоталары бар; әскери қызметі үшін наградалары, ҚХП, кейін ҚХКП-дағы белсенді жұмысы үшін грамоталары мен медальдары бар.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы

Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен және «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.