Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы  

VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Қазақстан механизация және электрификация техникумында техник-механик мамандығынамеңгерген. БЛКЖО жанындағы Мәскеу жоғарғы комсомол мектебін аяқтаған, тарих және қоғамтану оқытушысы, әдіске. Целиноград ауылшаруашылығы институтының Көкшетау филиалын, агроном-ғалым мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Көкшетау облысы Червонный кеңшарындағы МТШ-да дәнекерлеуші болып бастап,  тракторшы болып жалғастырған. Кейін механиг болған.

1968 жылы Целиноград қаласы «Қазақауылшаруашылығы машиналарын жасау» зауытының №7 цехы металөнімдері учаскесінің шебері.

1968-1970 жылдары Көкшетау облысы Рузаев ауданы №81-ші ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училишесінің өндірістік оқыту шебері, комсосмол ұйымының хатшысы

1970 жылы Қазақстанның БЛКЖО Рузаев аудандық комсомол комитеті бөлімінің нұсқаушысы.

1970-1974 жылдары БЛКЖО жанындағы Мәскеу жоғарғы комсомол мектебінің тыңдаушысы.

1974-1975 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеді.

1975-1980 жылдары Көкшетау облысы, ҚазақстанБЛКЖО Рузаев аудандық комитетінің екінші, кейінбірінші хатшысы.

1980-1985 жылдары Көкшетау облысы СОКП-ның ХХV съезі атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы.

1985-1990 жылдары  Қазақстан коммунистік партиясының Көкшетау облыстық комитетінің ұйымдастырушылық-партиялық және кадрлармен жұмыс істеу бөлімінің нұсқаушысы.

1990-1991 жылдары Көкшетау облысы, Чистопол аудандық партия комитетінің екінші хатшысы.

1991-1992  жылдары Чистопол халық депутаттары аудандық кеңесінің коммуналдық меншік жөніндегі бас маманы.

1992-1993 жылдары Чистопол халық депутаттары аудандық кеңесінің төрағасы.

1993-1994 жылдары Чистопол аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

1995-1996 жылдары Ленинград аудандық әкімшілігінің басшысы, Ленинград ауданының әкімі.

1996-1997 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-кадралармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі, аппарат басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

1997-1998 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау және кадрлармен жұмыс істеу бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1998-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаев ауылшаруашылығы тәжірибелік станциясының директоры.

1998-1999 жылдары «Қоғалжар» ЖШС директоры.

2000-2003 жылдары Ақмола облысы әкімдігінің Шаруашылық басқармасының бастығы.

2003-2013 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының Аппарат жетекшісі.

2013-2014 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі.

2014-2015 жылдары Мемлекеттік және банк пен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақтары Ақмола филиалының төрағасы.

2015-2016 жылдары Қазақстан Коммунистік халық партиясының хатшысы.

2016 жылғы наурыз айынан бастап V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан Коммунистік халық партиясы фракциясы Президиумының мүшесі.

2015 жылы Қазақстан Коммунистік халық партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына бірауыздан Президентікке үміткер болып сайланды

Наградалары:

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау хаты, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдары, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы; (1979 ж.), БЛКЖО ОК Құрмет белгісі (1980 ж.), Қазақстан ЛКЖО ОК грамоталары.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.