Среда, 17 января 2018 15:31

ЗАМАНАУИ ПРОЛЕТАРИАТ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Пролетариат диктатурасы туралы ілім коммунистік теорияның іргетасы болып табылады. Социализм құру үшін пролетариат диктатурасы қажет екендігін мойындамаған, коммунист емес.

Қазіргі таңда «диктатура» сөзі «тирания», «деспотия»  сөздерімен бірдей мағына береді, мүмкін туынды сөз «диктатордың» «тиран», «деспот» деген мағына бергендігінен болар.  Бұл сөздің негізгі мағынасы туралы ұмыт болған. Ол «үстем таптың билігі» дегенді білдіреді. Таптық-антагонистік қоғам болған жерде осы мағынадағы диктатура үнемі болған. Иә, кез келген диктатура (құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетариаттық) жеке диктатура сипатына ие болуы мүмкін, бірақ бұл жергілікті және заман талабына байланысты. 

Фабрика-зауыт жұмысшылары пролетариат болған заман келмеске кетті. Қазіргі таңдағы пролетариат - шаруалар мен жалға жұмыс істейтін зиялылар. Заманауи қоғамда адамның жағдайы шығу тегі, мамандығы мен білімімен айқындалмайды. Ол адамның жеке меншігімен белгіленеді. Пролетариатта өндіріс қаражаты жоқ, олар  өз жұмыс күштерін сату арқылы өмір сүреді, ал шағын буржуазияда қаражат аздап бар, олар шеберхана немесе шағын ферма аша алады, ал ірі буржуазияда қаражат жеткілікті, олар өздерінің кәсіпорындарына пролетариатты жұмысқа алып, жұмыс істету мүмкіндігіне ие.

Неліктен өткен ғасырларда  (19 ғасыр мен 20 ғасырдың басы) шаруалар жеке тап, ал зиялылар санат  болып саналды? Сол кездері де шаруа-батрактар мен жалға жұмыс істейтін зиялылар болған.

Себебі ол кездері капитализм феодализмнің қалдықтарынан тәуелсіз болған жоқ. Әсіресе  шаруалар феодалдық қоғамның 3-ші сословиесінің қалдығы болған. Батрактар дворяндардан шыққан помещектерге жұмыс істеген, ол жұмысты олар феодалдық барщинаның жалғасы деп қабылдаған.

Шаруалардың сословиелік ынтымақтастығы да мықты болған. Бүгінгі таңда «фермер» мен «латифундист»  «ауылдың шағын буржуазиясы», «ауылдың ірі буржуазиясы» интернационалдық мағынасына ие болған сөздер  Америкадан келген. Бұл континентте капитализм жоқтан дамыды, феодалдық қалдық мүлдем болмаған (АҚШ пен Канадада, «фермер» түсінігі тараған) немесе әлсіз болған (Латын Америкасында, «латифундист» түсінігі тараған). Ал батрактар үшін интернационал сөз жоқ.

Қайта құрылу жылдары «кулактарды  құқықтарынан айыру шаруаларды құқықтарынан айырумен аяқталды» деп көп айтылды. Негізінде шаруаларды құқытарынан айыру – объективті үдеріс. Тек социалистік елдерде шаруалар колхозшыларға және совхоз жұмысшыларына, ал капиталистік мемлекеттерде латифундистер мен фермерлерге, батрактарға айналды.

Зиялыларға келетін болсақ, жағдай оңай әрі күрделі. Бір жағынан шығармашылық интеллигенция бар – журналистер, жазушылар, суретшілер, сазгерлер... Бұл зиялы қауым үнемі тап арасындағы санатқа жатқан. Себебі зиялылардың таптық бөлінісі олардың қай тапқа қызмет етуіне байланысты болған. Ғылыми, техникалық, гуманитарлық интеллигенция бар – ғалымдар, ұстаздар, оқытушылар, дәрігерлер, инженерлер... Олардың әлеуметтік санаты жұмыс түрімен сипатталады. Жалданбалы жұмыс немесе жеке дара. Егер мұндай зиялы жалға жұмыс істесе, ол өзін сенімді түрде пролетариат деп атайды. Себебі ол да өзінің жұмыс күшін сатып отыр, мәселе физикалық немесе ақыл-ой жұмыс күшінде емес.

Екінші жағынан ол кездері интеллигенция қауымына кіру оңай болған жоқ. Білім алу ақылы болды, көп қаражатты талап етті. Ресейде шаруалар сословиесінің балаларын гимназияларға қабылдауға заң жүзінде тыйым салынатын. Гимназия, яғни орта білім оқу орындарына! Жоғары білім туралы айтудың да қажеті шамалы...

Ол кезде зиялылар қатарын бай ата-ананың балалары құрайтын. Олар аз болатын. Кәсіпорындардағы инженерлер көп жағдайда меншік иесінің отбасынан шыққандар болған. Дәрігерлер жеке меншік мекемелерде жұмыс жасаған. Мемлекеттік ауруханалар аз болған.  Ұстаздар да аз болған.

Осылайша 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында интеллигенцияның басым бөлігін шығармашылық интеллигенция құраған.

50 жылдардың басында өндіріске ҒТР енді. Инженерлер мен дәрігерлер, ұстаздар, кейін бағдарламашылар қажет болды. Буржуазия амалсыздан пролетариатқа жоғары білім алуға мүмкіндік бере бастады. Педагогтар мен дәрігерлер, агрономдар, ғылыми қызметкерлер көп қажет болды. Сөйтіп интеллигенция пролетариаттың бөлігіне айнала бастады.

Қазіргі пролетариат бұрынғы пролетариатқа ұқсамайды. Құрамы да, білім деңгейі де, тіпті күресу әдістері де басқа. Бірақ тап тап болып қалды, оның негізгі сипаты да өзгермеген.

 Кез келген елдің билігін қолына алған пролетариат өзінің диктатурасын орнатып, буржуазияны таратады.

Буржуазияны тап ретінде  тарату толығымен буржуазияны жою дегенді білдірмейді, көп жағдайда оларды өндіріс қаражатына иелік ету құқығынан айырумен ғана шектелінеді. Егер буржуазия қарсылық танытса, онда басқа шараларға көшу қажет.

Буржуазияны таратқаннан кейін пролетариат диктатурасы сақталынады. Бірақ ол қалған буржуазияға үстемдік етпейді, шенеуніктерге билік жүргізеді, олардың жеке емес, пролетариат  мүддесіне сай қызмет жасауды бақылайды.

Әйтпесе, тәжірибе көрсетіп отырғандай, шенеуніктер капитал жинап, социалистік құрылымды жоятын «протобуржуазияға» айналады.

Кез келген тап өз диктатурасын шенеуніктер арқылы жүргізеді, олардың өздерінің мүдделеріне сай іс әрекет жасауын талап етеді. Пролетариатта да жағдай осындай. Бірақ 60-70 жылдары КСРО-да билікті шенеуніктер иемденіп алды. Шенеуніктердің билікті қолға алып, үстем тапқа билік жүргізу  құбылысы бонапартизм деп аталады.

Ол капитализм тұсында да болады, буржуазиялық құрылым үшін қауіпті болғанымен оны құрдымға апармайды. Ал социлаизмді жояды.

Заманауаи пролетариат та өткен қателерден нәтиже шығарады. Сөйтіп басқару да оңай болады.  Өткен күннің тәжірибесі болғандықтан ғана емес. Себебі қазіргі пролетариат сауатты әрі білімді.

Алеся Ясногорцева, ҚКХП Ақтөбе қалалық комитетінің мүшесі

Прочитано 55 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.