Среда, 17 января 2018 16:06

Кедейлікпен күресу үшін байларға көмек көрсету? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» фракциясының бай елде халықтың басым бөлігі неліктен кедейлікке тап болып отыр деген Үкіметке жолдаған сауалына әртүрлі дәйектер айтылды. Коммунист-депутаттар шенеуніктердің кейбір дәлелдерімен келіспейді, олар өз айтқандарынан қайтпайды – елде табысты әділетті үлестіру қажет!

Үкімет «Халық коммунистері» фракциясының кедейлік және ұлттық табысты үлестіру мәселесі туралы депутаттық сауалына  жауап қайтарды. Үкіметтің пайымдауынша, экономикалық  саясатты өзгертудің қажеті жоқ, барлық мәселе қолданыстағы және құрастырылып жатқан шаралар аясында шешіледі.

Министрлер кабинетінің пікірінше, салық жүйесіне мүлік салығы, көлік және жер салығы бойынша дифференциалды мөлшерлемені енгізіледі. Халықтың табысын арттыру үшін өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады.  Қараша айында Бюджет кодексіне өзгертулер енгізіліп, мемлекет сыңайлы сектордағы қаржы ағынына бақылау күшейтіледі.

Біз шаралардың қажетті және маңызды екеніне келісеміз, бірақ мұндай шаралар жеткілікті дегенге қарсымыз. Ұлттық табыстың теңдестірілмеуі (дәлірек айтқанда әділетсіз үлестірілмеуі) өзінің шегіне жетті, сондықтан бұл жерде шағын қадамдар көмектесе алмайды.

Ондаған миллиард долларға шикізат өнімін экспорттап отырған Қазақстан кедей елдер қатарына кіріп отыр.  Шынайы әл-ауқат көрсеткіші бойынша біз дамыған елдер емес, тіпті көптеген дамушы елдерден артта қалып отырмыз. Credit Suisse Research Institute құрастырған 2017 жылғы жаһандық әл-ауқат индексі қазақстандықтардың орташа әл-ауқаты (ортақ байлықтың барлық халыққа бөлінуі)  мен медиандық әл-ауқаты (шынайылыққа жанасатын көрсеткіш, тым кедейлер мен ауқаттыларды санамағанда) арасындағы алшақтықтың себебін нақты көрсетіп отыр. Орташа әл-ауқат 4441 долларды құрайды бұл – африкалық елдердің деңгейіндегі көрсеткіш. Медиандық әл-ауқат 334 долларды құрайды, бұл көрсеткіш бойынша бізден кейін тым кедей мемлекеттер орналасқан.

Әрине Credit Suisse Research Institute есептеулерін абсолютті шындық деп қабылдамайық. Алайда қазақстандықтардың табысы туралы ресми мәлімет бойынша біздің отандастарымыз бен Қазақстанда кәсіп жүргізіп отырған шетелдіктердің Forbes-тағы тізімімен салыстырғанда теңсіздіктің өрескел деңгейін көрсетіп отыр. Үкіметтің айтып отырған мүлік, көлік және жер салығын саралау бұл жағдайда көмек бола алмайды. Қазіргі экономикалық құрылым мен өнімді жұмыспен қамту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін көтеру де ешқандай нәтиже бермейді.

Негізінде екі ауқымды бағыт бойынша реформа қажет.

Біріншіден, кәсіпорын меншігі, топ-менеджер және еңбек ұжымы арасында табысты үлестіру балансын түзеу қажет. Барлық нарықтық мемлекеттерде кәсіпкерлік акционерлік табысты еңбек ақысы шығындарын минимизациялау есебінен көбейтуге тырысады. Алайда оны кәсіподақтар мен мемлекет қалыпқа келтіріп отырады. Ал бізде шетелдік және отандық кәсіпорындарда капитал жаққа ауытқушылық өзінің шекті деңгейіне жетті.

Мұның барлығы ресми табысты қысқартудың әртүрлі схемаларының салдарынан болып отыр. Трансфертті баға қалыптастыру, өнімді өткізу, шығын материалдарын және құралдарды сатып алу барысында делдалдар тізбегін пайдалану.  Нәтижесінде қағаз жүзінде табыстылық нөлге жақындатылады, бұл меншік иелеріне жалақыны көбейту кәсіпорынды банкротқа ұшыратады деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай схема жағдайында экономиканың сапалы дамуына қол жеткізу мүмкін емес.

Екіншіден, мемлекеттік қаражатты үлестіруде балансты түзету қажет. Біз әлеуметтік-бағдарлы бюджет деп айтып отырғанымыз көп жағдайда аңыз болып табылады. Қаражаттың басым бөлігі әртүрлі жобаларға жіберіледі, яғни кәсіпкерлікті қаржыландырудың формасы болып табылады. Ал әлеуметтік жағдай жасап отырған бюджеттік саладағы адамдардың шынайы жалақысы өте төмен деңгейде.

Мемлекет мемлекет сыңайлы ғана емес, жеке секторды да қаржыландырады. Оны экономиканы ынталандыру қажеттілігімен түсіндіреді. Бірақ,  негізінде бұл қаражатты адами капиталды дамыту саласына бағыттау  ғана ынталандыруы мүмкін – дәрігерлердің, ұстаздар мен ғалымдардың, мәдениет және өнер қызметкерлерінің табысын көтеру.

Үкімет өзінің жауабында банк секторына 1 триллион теңгені бөлу экономикаға жаңа стимул береді деп мәлімдеген.  Жүз миллиардтаған  «проблемалық несиелер» ешқайда жоғалып кеткен жоқ, олардың барлығы кәсіпкерліктің нақты мақсатына жіберілді немесе актив күйінде жатыр. Енді мемлекет оны тағы да қаржыландырмақшы. Былайша айтқанда кедейлікпен күресу сылтауымен қайтадан байларға көмектесіп жатыр.

Әлеуметтік саладағы төлемдерді арттыру үшін қаражат бар, ол үшін мемлекет сыңайлы секторда ревизия жүргізу қажет.

Жаңа экономикалық саясат  пайдасыз тізбектерді қысқартуға және өз еңбектерімен шынайы экономикалық және материалдық емес жағдай жасап отырғандардың табысын артттыруға бағытталуы тиіс.

Прочитано 27 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.