Среда, 17 января 2018 17:25

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар назарға ілінді. Бастысы – шектен шықпау

Оцените материал
(0 голосов)

Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Айқын Қоңыровтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар назарға ілінді. Бастысы – шектен шықпау.

Президенттің Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салаға қатысты нақты ұсыныстар өте көп. Олардың ең маңыздылары деп өзін-өзі жұмыспен қамтитындар  мәселесін айтар едім. Олар алғашқы рет «экономикалық өсудің резерві» деп аталып отыр (бұған дейін олар «балласт» ретінде  қарастырылған болатын).

Халық коммунистері өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың мәселесін жиі көтереді, тіпті бұл мәселе болып саналмаған кезде де біздің назарда болған. Ең алдымен біз биліктің өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандар санатын бөліп, шынайы есеп жүргізе бастауына қол жеткіздік.

Енді біз жоғары деңгейде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға өз ісін ашуға немесе тұрақты жұмыс табуға көмектесу үшін нақты шаралар қажеттілігі туралы шешім қабылданғанын көріп отырмыз.

Барлық қазақстандықтарды  дұрыс бағдар алынуымен құттықтауға болады. Әрине тәжірибеде көптеген қиындықтар кездеседі. Ең бастысы атқарушы билік асыра сілтемесе болғаны. Себебі шенеуніктердің барлығы нәтижелер туралы есеп беруге ұмтылады. Бұл жерде жұмыспен қамтудың шынайы ахуалы үлкен сандардың көлеңкесінде қалып қоймауы тиіс.

Шенеуніктерде әрдайым  өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды ресмилендіруді іске асырудың алғы шарттары болған. Бұл  дұрыс  емес және өте қауіпті. Мақсат барлығын есепке алып, тіркеп, салық төлеуге мәжбүрлеу емес. Басты мақсат тұрақты табыс көзі жоқ адамдардың санын білу және оларға табыс табуға мүмкіндік беру болып табылады.

Статистикалық комитеттің соңғы мәліметі бойынша республикада 441 мың жұмыссыз адам тіркелген, ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны 2 млн.  176 мың адам. Олардың арасында өнімсіз  жұмыспен қамтылып отырғандар – 275 мың адам. Қалғандары продуктивті, яғни салыстырмалы түрде тұрақты табыстары бар азаматтар, бірақ бұл көрсеткіштерде ақиқаттан алшақтық бар.

Мысалы, жеке үй шаруашылығында 435 мың адам жұмыс істейді, олар ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс табады. Ресми түрде оларда барлығы дұрыс сияқты. Бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі дегеніміз не? Қазіргі таңда ол 28 850  теңге (85 доллар). Шынтуайтында бұл ақшаға ауылдың өзінде өмір сүру қиын. Сондықтан «өзін-өзі продуктивті жұмыспен қамтып отырғандар» арасында шынымен кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқандардың үлесін білу қажет.

Қанша адам жеке үй шаруашылығы есебінен өмір сүріп жатқандығы назар аудартады. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың арасындағы 658 мың адам.

Бұл санаттағы азаматтарға тіркеуден өту қаншалықты тиімді? Оларға басқа салалардан сапалы жұмыс орындарын ұсынуға бола ма? Екіталай. Дұрысы - адамдар сол шаруашылықтары арқылы өздерінің жағдайларын жақсарта алатын мүмкіндік беру керек.

Мәселе оларға несие ұсынуда да емес (көп жағдайда ауыл тұрғындарын несие алуға мәжбүрлейді). Дайын өнімді өткізу және жем-шөппен, тұқыммен, құрал-жабдықтармен қамтуда қолдау көрсету маңызды.  Жеңілдіктермен емес, монополиялық-делдалдық бағасыз дұрыс жеткізіліммен қамту қажет.

Жеке шаруашылықтарға жағдай жасасақ, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар мәселесі өзінен өзі шешіледі. Сондықтан мәселе стратегиялық мемлекеттік мақсат туралы болып отыр.

Тағы да қайталап өтемін, мемлекет тіркеуден бастап барлығын есепке алуға кіріскенде өзін ыдыс-аяқ сөрелері арасында жүрген піл сияқты ұстауы тиіс. Дұрыс бастама бұл  – өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың тілектерін білу,  олар басқа жерге көшуді қалай ма, қызмет түрін ауыстырғылары келе ме және оларға қандай қолдау қажет екендігін білу. Парадокс, бірақ мұндай жұмыс осы күнге дейін жүргізілген жоқ.

Прочитано 13 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.