Вторник, 20 февраля 2018 09:18

Халықтың жадында жаңғыратын күн Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қызыл Армияның 100 жылдығының құрметіне

Халықтың жадында жаңғыратын күн

Қызыл Армияның 100 жылдығының құрметіне Былтырғы Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығының ізін іле-шала биыл Қызыл армия мен Лениндік комсомолдың 100 жылдығы келді. Көптеген адамдар үшін бұл атаулы тарихи дата, ал бәзбіреулер үшін кеңес дәуірін қаралау, күстаналау құралы. Олар 1917-1918 жылдардағы Кеңес билігінің ұрандарын түкке тұрғысыз ету арқылы ұпай жинауға тырысады, ал қарапайым халық күні бүгінге дейін жұмысшылар мен шаруалардың мемлекетін қалыптастыруға тырысқан кеңес жүйесінің сөзін сөйлеп, әнін шырқайды.

Шындықтың көзіне тік қарау керек. Иә, Қызыл армия Қазан революциясы мен Азаматтық соғыстан кейінгі өте қиын кезеңде жасақталды. Алайда Қызыл армияның мыңдаған жас сарбаздары француз, ағылшын, румын, американ әскерлерінен, тіпті жапон самурайларынан бір саты биік тұрды. Бұған «орыс халқының достары», либералды интеллигенция өкілдері – кадеттер, ақ генералдар мүдделі болды.

Қызыл армияның құрылған күні 23 ақпан болып жарияланды. Бұл жерде «Жұмысшы-шаруа қызыл армиясының» құрылуы туралы декрет 1918 жылы 15 (28) қаңтарда қабылданғанын айта кету керек. Осы құжат Отан қорғаушылар күнін белгілеуде темірқазық тұтылуы тиіс болды. Ендеше, не себепті ресми дата ретінде 23 ақпан таңдалды?

Мектеп оқулықтарында күні бүгінге дейін 1918 жылғы 23 ақпанда, (жаңа стиль бойынша) бірінші дүниежүзілік соғыс күйіп тұрған тұста «неміс әскерлері Нарва мен Псков маңында тоқтатылды» деп жазылады. Мұның мән-жайы кеңес энциклопедияларында да баяндалды. Шынында да, австро-герман әскерлері майдан даласына анталаған кезде большевиктер партиясы мен Халық комиссарлары кеңесі 21 ақпанда халыққа «Социалистік отанға қауіп төніп тұр!» деген үндеу жариялады. Осы күндердегі жалпыға ортақ мобилизация мен ерлікпен қарсылық таныту 23 ақпанның Қызыл армия күні болып бекітілуіне себеп болды.

Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығы қарсаңында жарық көрген фильмдер шынайылықты танытуға тырысты.  Дегенмен бұл туындылар  «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп көрсетіп, біраз дүниені төңкеріп тастады.

Идеологиядан алыс қазіргі тарихшылар мен публицистер «жаңалық» ашып, жеңіске жеткеннен кейін 10 күннен соң 3 наурызда В.И. Лениннің ұсынысымен Брест бейбітшілік келісімі рәсімделді дейді. Ол кезде бұрынғы империядан Прибалтика, Украина, Белорусь тіпті Грузия ажырап қалған болатын.

Қалай болғанда да 1918 жылы ақпанда жауынгерлердің шинелін киген жас жұмысшылар мен студенттердің және шаруалардың большевиктер үкіметін құруға шақырулары мен «революциялық отанды» қорғау бастамасын көтерулері ең үлкен құрметке лайық. Олардың басым бөлігі, оның шінде өмірінде қолына бірінші рет қару алған қызыл армияшылар отан үшін қиян-кескі соғысқа көз жұмып қойып кетті.

Себебі бұл кезде патша армиясы біржолата күйреп тынды. Міне осы жерде жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің қазіргі саясаткерлері 100 жыл бұрын шаңырағы шайқалған империяның орнына жаңа елдер ірге көтергенін айтпай қалуға тырысады.

Азаматтық соғыстың басында ағылшын интервенттері Кавказдағы Кеңес билігінің 26 көшбасшысын атып тастады. Бұл қылмыс Кеңес республикаларына 14 рет жорық ұйымдастырған Антанта одағы басшыларының арына жүктелуі тиіс.

Кезінде  В.И. Ленин құрған «Социалистік отанға қауіп төніп тұр» деген мәселе қозғады, шындығында бұл құжатқа «орыс революциясының әзәзілі Л.Д. Троцкийдің тікелей қатысы болған. Алайда бұл И.В. Сталинге құжатты 1941 жылы кеңес халқына қауіп төнген кезде қолдануға кедергі келтірген жоқ. Қызылармияшылар бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей екінші дүниежүзілік соғыс барысында да дұшпаннан өз елдерін ғана емес, Еуропа елдері мен Азияны да құтқарып қалды.

Посткеңестік мемлекеттердегі Красноармейская, Комсомольская, Советская сынды көшелердің атын ауыстырғысы келетіндер жоғарыдағының барлығын ұмыт қалғаны ма?! Декоммунизация саясаты Прибалтика елдеріндегі, Украинадағы Кеңес халқының ерлігін түп-тамырымен жой    ып жібереді ғой. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске барлығымыз бірге жетпеп пе едік?!

Бірінші дүниежүзілік және азаматтық соғыс кезінде жұмысшы-шаруалардың бас біріктіруінен пайда болған Қызыл армия Ұлы отан соғысы жылдарында да (1946 жылға дейін) беделінің биік екенін дәлелдеді. Кейін Кеңес армиясы болған кезде ол 1918 жылдың 23 ақпанында іргесі қаланған дәстүрін темірқазық тұтты.

Запастағы аға лейтенант ретінде бұл күн менің жадымда мәңгі сақталып қалады. Ал тарихтың ақтаңдақтары тарихшылардың назарында болса, халық бұрынғы, бүгінгі мейрамдарды қатар атап өте береді.

Дмитрий Легкий

ҚКХП ОК хатшысы, тарих ғылымының докторы

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.