Вторник, 27 февраля 2018 10:30

ЖЫРАҚ ЖЕРДЕ ЖАСТАР ЖҮР БІЛІМ АЛЫП...

Оцените материал
(0 голосов)

Білім беру саясаты деген термин бар. Оның ауқымы да мән-мағынасы да өте кең.

Осы айда Мәскеуде Ресей халықтар достығы университетінде алғашқы профессорлар форумы өтті. Бұл форумды  Ресей және ТМД елдерінің жоғары білім саласы үшін теңдесі жоқ оқиға деп атап кетті.  Іс-шараны РФ Білім және ғылым министрлігінің, Ресей білім беру академиясының, Достастық елдер басқару органдары өкілдерінің қатысуымен «Российское профессорское собрание» ұйымы  ұйымдастырды.

 Форум қатысушылары арасында Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Украинаның профессорлары бар. Біздің елдің атынан А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы және «КН-ның» тұрақты саяси шолушысы Дмитрий Легкий қатысты.

- Дмитрий Максимович, таңдау неге Сізге түсті?

- Себебі ресейлік және ТМД елдерінің ғылыми журналдарында менің материалдарым өте көп жарияланған.

- Бұл форумға ТМД елдерінің профессорларын не үшін шақырды? Форум ресейлік, яғни ішкі іс-шара ғой?

- Себебі ол жерде бір мемлекеттің аясынан шығатын мәселелер тақыланды. Бір кездері Достастық елдердің білім беру жүйесі бір болған. Кейін ыдырап кетті. Соңғы кездері бұл елдер экономикалық негізде ынтымақтаса бастағаннан кейін, ғылым мен білімнің интеграциясы туралы да айтыла басталды.

Бұл нонсенс: Қазақстанда Ресейде қорғалған немесе қорғалып жатқан диссертациялар мойындалмайды. Қырғызстан Ресейде қорғалған докторлық диссертацияны мақұлдайды, ал Қазақстанда қорғалғанды қабылдамайды.  Саясаткерлерді бұл мәселе толғандырмайды, сондықтан профессорлардың қоғамдық ұйымы мұны билікке жеткізуге шешім қабылдады.

- Біз білім беру саласындағы халықаралық стандарттар туралы көп айтамыз, бірақ қазақстандық ерекшелік ресейлік немесе қырғыздардікіне келетінін ұмыта бастадық. Мүмкін мәселенің негізі осы шығар?

- Біз Қазақстанда өзімізге батыстық шекпенді киіп алдық. Болон үдерісіне басымдық беріп, Лиссабон конвенциясына қол қойдық. Студенттердің лекциялары консультацияларға ауысып кеткен. Ресей де бір кездері сол жолға ауыспақшы болған.

Әсіресе жеке меншік ЖОО, себебі үдерісті ұйымдастыру оңайға түседі. Бірақ ресейлік алдыңғы қатарлы мемлекеттік ЖОО-лар, бірінші кезекте ММУ ескі жүйеде қалды. Олар оны сапалы деп санайды. ММУ ректоры Садовничийдің сөзі: «Мен төрт жыл ішінде тек қолөнершіні дайындап шығара аламын, ал мамандарды алты жыл дайындаймын». Ол жақта профессорлардың өздері лекция оқиды. Бірақ цифрландыруды да жоққа шығармайды. Әрине, әрбір аудиторияда сенсорлы тақта жоқ. Бірақ ЖОО беделін асқақтататын ескі кадрлар қалған. Қазіргі таңда Ресейде мемлекеттік ЖОО-ға басымдық беріледі. Жеке меншік оқу орындарының саны қысқартылған. Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ры мамандық бойынша жұмысқа қабылданғандардың ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Ал бізде елуде елу болмайды, 25 пайызға ғана жетеді.

- Сол себептен қазақстандық түлектерді ресейлік ЖОО-лар қызықтыратын болып тұр ғой?

- Себептер өте көп. Бірақ факт факт болып қала береді: Ресейде оқып жатқан қазақстандық жастар өте көп. Бұл ғұламалардың жылыстауы деп аталады. Әр көктем сайын Қостанайға ресейлік ЖОО келіп, біздің озық жастарымызға солардан білім алуды ұсынады. Біздің болашақ академиктер мен лауреаттарды ешқандай ҰБТ-сыз алып кетеді. Мұның тағы да бір себебі, ЖОО-да шетелдік студенттер көп оқыса, бұл олардың рейтингісін жоғарылатады екен.

- Бұдан қандай қорытынды шығады?

- Шетелдік студенттерді оқытып жатқан ЖОО-лар бұл орыс әлемінің ауқымын кеңейту, саяси ықпал етудің құралы екендігін түсінді. Бұл тек қана ТМД елдеріне қатысты емес. Мысалы, Ресей халықтар достығы университетінде ешкімді тегін оқытпайды. Бірақ азиялықтар мен арабтар ол жаққа жоғары тілдік және техникалық дайындық үшін барады. Ал Ресей үшін бұл студенттер болашақ экономикалық және саяси байланыс болып табылады. Мен профессорлық форумда тәжіктермен сөйлестім. Олар: «Бізде ресейлік азаматтығы бар орыс мұғалімдері мемлекеттік деңгейдегі келісім бойынша жұмыс жасайды» деді. Қырғызстанда да осындай жағдай.

- Бұл қай тараптың бастамасы?

- Тәжікстанда ресейлік әскер бар, себебі жанында Ауғанстан тұр, яғни тәлібтерден қауіп төніп тұрады. Бұдан басқа өздеріңіз білесіздер, өзбектер, тәжіктер мен қырғыздар Ресейге құрылысқа жұмысшы ретінде келеді. Ал олардың балалары орыс мектептерінде білім алады. Ол үшін тілдік негіз қажет. Айтпақшы, енді мынадай мәселе көтеріліп жатыр,  олардың ТМД-ның басқа елдерінің, оның ішінде Қазақстанның түлектері сияқты ресейлік бюджеттегі түлектерімен бірдей құқылы болу.

- Бұл Ресей азаматтарына тиімді емес қой?

- Бұл жерде саясат бар сияқты. Ресейлік ЖОО тек қана инженерлерді дайындамайды ғой, ол жерде тарихшылар, орыс тілінің мұғалімдері, саясаткерлер де оқып шығады. Кейін олар Қазақстанға, Түркменстанға барады және орыс әлемін таратушысы болады. ТМД елдері бірінші болып бұрынғы ортақ білім беру кеңістігінен бас тарта бастады. Бірақ олардың ойы орындалмады. Кезінде ЖОО оқытушыларына ТМД елдеріне мамандану ұсынылды. Бірақ біз өзіміз бас тарттық, себебі Варшаваға, Польшаға барғымыз келді. Бұл беделді болып көрінді. Қазір бізде бір аспирант Прага университетінің бюджеттік тобында білім алып жатыр. Көрдіңіз бе, Мәскеу, Санкт-Петербург қана емес, Еуропа да бюджеттік бөлімге қабылдайды. Ағылшын, чех тілін үйретеді, бірақ түлекке сол жақта қалуды талап етпейді. Тіпті оларға ол қажет та емес. Еуропа оның қайта Қазақстанға оралуын, ПАСЕ, ОБСЕ кеңселерінде жұмыс істеп, НАТО-ны үгіттеуін қалайды. Мен өзім де кезінде Соростан екі грант алдым. Олар маған ақшаны не үшін беріп жатыр деп таң қалатынмын. Кейін мынадай хат келді: «Құрметті Дмитрий Максимович, бес жыл өтті. Қандай мансаптық жетістіктерге жеттіңіз, қандай қызмет атқарып жатырсыз?». Мен бізден бесінші колоннаны дайындап жатқанын түсіндім. Сорос қоры біздің елде саясаттану мен әлеуметтану бойынша жаңа оқулықтардың басылымын қаржыландырған. Ал оның ішінде не туралы жазылды? Сталин жүйесі – тоталитарлы, Ресей ықылым заманнан геноцид саясатын жүргізеді. Мұның барлығы – жалаң саясат. Ресей бірыңғай білім беру мен ғылыми кеңістіктен бас тартуға болмайтынын түсінді.

Келер жылдан бастап біздің елдер заңды түрде бір бірлерінің кандидаттық, докторлық диссертацияларын мойындайтын болады. Форумда мені Ресей ғылым академиясының екі ғылыми жобасына енгізді. Біріншісі – Кеңес -Польша қарым-қатынасы бойынша Жалпы тарих институтымен, екіншісі – Ресей тарих институтымен ТМД елдерінің Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы ұжымдық монография жазу бойынша. Маған Қазақ КСР туралы бөлімін жазу ұсынылды.

Татьяна Башкатова

Костанайские новости

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.