Понедельник, 02 апреля 2018 10:29

ИРИНА СМИРНОВА: МЕМЛЕКЕТКЕ БОЛАШАҚ АЗАМАТТАР ҚАЖЕТ ЕМЕС ПЕ?

Оцените материал
(0 голосов)

Билік басындағы әйел елдегі әлеуметтік саясатты жақсарта алады ма? Қазіргі заманда көпбалалы отбасы қалай күн көреді? Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады? Жалғызбасты аналарға  қолдау көрсету үшін не істеу керек? Осы және өзге де сұрақтар депутат Ирина Смирновамен өткен сұхбатқа арқау болды.

Билік басында әйелдер көп болуы тиіс пе деген сауалға Ирина Смирнова былай деп жауап берді:

- Мен депутаттар мен шенеуніктерді гендерлік сипат  бойынша қарастырмаймын. Мен үшін ең бастысы адам жақсы маман болуы тиіс. Әрине, гендерлік теңдік ұстанымы бойынша биліктегі әйелдер  мен ер азаматтар саны тең болуы керек. Бірақ бізде бұл жақын арада болмайтын сияқты.

Халық қалаулысының пікірінше, «әйелдер» мәселесі биліктің назар аударуын талап етеді.

- Меніңше, бізде әйелдер мен балаларға қатысты әлеуметтік саясат толыққанды ойластырылмаған. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қатысты. 4 және одан да көп баласы бар әйел мемлекеттен ай сайын әрбір балаға 2 мың теңгеден аса жәрдемақы алады. Айына 10 мың теңге шығады. Бұл сомма біздің мемлекеттің демографиялық саясатты қолдамайтындығын көрсетіп тұр. Мемлекетке болашақ азаматтар керек жоқ па?

 Шенеуніктердің бұл есептеулері таң қалдырады. Ал балалар үйіндегі бір тәрбиеленушіге ай сайын шамамен 180 мың теңге қаражат бөлінеді.

- Отбасыларға қолдау көрсету үшін лайықты сомма бөлінуі тиіс. Көпбалалы отбасы балаларын дұрыс тамақтандырып, дұрыс білім беру үшін. Сонда ғана олар елде қалып, ел үшін қызмет етеді. Бұл өте маңызды мәселе, - деді коммунист.

 Өкінішке орай, қазақстандық әйелдер әлеуметтік қолдаумен қатар құқықтық қолдаудан да айырылған. Бұған тұрмыстық зорлық-зомбылық сұрақтары бойынша заңнамадағы мәселелер дәлел.

- Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел күйеуінен соққы алғандығын өзі дәлелдеуі тиіс. Оның бұл адамнан қорқатындығы былай тұрсын,  құқық қорғаушыларға күйеуі ұрып-соққандығын дәлелдеуі керек. Дамыған елдерде агрессорды жәбір көрушіден оқшаулайды.  Жақындауға тыйым салынады. Бізде ол қайда тұрады деген сұрақ туындайды. Кешіріңіз, бірақ бұл жайлы әйеліне қол көтермес бұрын ойлауы керек еді, - деп санайды И.Смирнова.

- Сот шешімі бойынша ол балаларға, жапа шеккен әйеліне жақындамауы тиіс. Ол   тұрғын үй иесі? Бірақ оның балалары да, әйелі де сол баспанаға құқылы. Өкінішті, біздің қоғам мұндайды түсінбейді және қабылдамайды. Ер адам отбасы алдында өзінің жауапкершілігін түсінуі тиіс. Ал бізде жағдай өзгеше,  еркектерге басымдық беріліп, оларды алдын ала ақтайды.

Енді бір мәселе ата-ана міндетін орындаудан бас тартатындарға қатысты.  Республикамызда ажырасқан ер азаматтарды алимент төлеуге міндеттейтін заң бар, бірақ ол толыққанды жұмыс істемейді.

 Коммунистер бұған дейін де бірнеше рет жалғызбасты аналар балаларын асырауға ақша ала алатын бірыңғай қор құруды ұсынған болатын. Қор жауапсыз әкелердің есебінен толықтырылуы тиіс. Бұл ретте қарызды мемлекет талап етуші еді, қажетті жағдайда әкімшілік ресурстарды да пайдаланады.

- Бұл жағдайда жалғызбасты аналарға қарағанда мемлекеттің күші жеткілікті болушы еді. Жұмыс орнынан жалған анықтама дайындап алимент төлеуден қашатындар жеткілікті. Сондықтан мемлекетсіз бұл мәселені шешу қиын.

Жалпы Қазақстанда отбасыны қолдау – өзекті тақырып. Көрші Ресейде бұл мәселе ана капиталын төлеу арқылы шешіліп отыр. Оған отбасының баспана алуға мүмкіндігі бар немесе ипотека жеңілдікпен беріледі.

- Бізде кішкентай балалары бар жас отбасыларға қиын. Оларға ешқандай қолдау мен жеңілдіксіз баспана да алу керек, балаларына лайықты білім беріп, барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету керек, - деді депутат. 

Маргарита НИКИТИНА

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.