Понедельник, 02 апреля 2018 10:34

СӘУЛЕ БИҒАРОВА: ҚКХП – өмірлік темірқазығым болды

Оцените материал
(0 голосов)

Сәуле Биғарованың бойындағы парасаттылық пен мінсіз әдет, әдемі дауыс және кербездік, кез келген адамға, оның мәртебесі бен мансабына қарамастан құрметпен қарау сияқты қасиеттер мақтауға лайықты.

Сәуле Тасқымбайқызы ҚКХП Алматы облыстық комитетін басқарады, ол келгелі комитеттің жақтастары мен келушілерінің саны арта түскен. Бірінші хатшы мұндай жетістіктің сырын жарияламайды, бірақ бұл қызметті бағындырар белестердің шыңы деп қабылдайды.

Сәуле Биғарова Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері тоғызқан Айнабұлақ станциясында теміржолшының шаңырағында дүниеге келген. Мектепте жақсы оқыған, ең сүйікті пәні әдебиет болған.  Сәуле Тасқымбайқызын сөз құдыреті мен  классиканы бағалауға үйреткен, поэзия әлеміне жол ашқан бірден бір адам ол мектептегі сынып жетекшісі. Өзіңді сыйлай білу және өзгені  құрметтеуге де үйреткен осы ұстаз. Бала күнінен бастап Сәуледе бос уақыт болмаған, себебі ол сабақтан бөлек мектептің қоғамдық өміріне етене араласқан: барлық іс-шараларда жүргізуші болған, өлең оқыған, Мәдениет үйінің үлкен сахнасында да өнер көрсеткен. Сонымен қатар Сәулені отряд кеңесінің жетекшісі немесе комсомол комитетінің хатшысы етіп сайлап отырған. Әділ, ақылды, инабатты қыз өз ортасында көшбасшы болса да,   өте қарапайым болған.

Сәуленің анасы қатал тәртіпті қалайтын әйел болған, қызына: «Іс-шараны жүргізіп болған соң, бірден үйге кел, ешқандай би, отырыс жоқ!» деп айтып отырған.

Сәуле тіл мен әдебиет бойынша жақсы дайындықпен филология факультетін таңдайтынына сенімді болған. Ол Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына оқуға түседі. Бір жылдан соң Сәуле тұрмысқа шығады. Бұл бір көргеннен ғашық еткен сезім болды. Анасы бұл жағдайды күтпеген болатын, сол себептен үш күн қатарынан есінен танып, келген құдаларды әбігерге салған. Үйлену тойынан кейін Сәуле оқуын жалғастырған. Студент, бір үйдің отанасы және екі баланың анасы болу оңай емес, бірақ Сәуле Биғарова бұл қиындықтарды да еңсере білді. Институтты тәмамдағаннан кейін, ол Сарыөзек ауылының мектебінде тіл мен әдебиеттен сабақ берді. Сәуле Тасқымбайқызы әрбір оқушыға үлкен құрметпен қараған, ешқашан екі деген баға қоймаған. «Жауап бермесе, менің дұрыс үйрете алмағандығым, сондықтан оны бағалауға да хақым жоқ» деп,  оқушыларға дайындалуға, бағаларын түзеуге мүмкіндік беріп отырған. Сәуле Биғарова он жыл бойы мектепте қызмет еткен, өз пәніне және оқушыларының біліміне барын салған.  Уақыт өте келе Сәуле Тасқымбайқызы эмоционалдық күйреуге ұшырағанын сезе бастайды, сондықтан сабақ беруге ынтасы болмайды. Бұған қоса отбасында үлкен қаза орын алады, туған ағасы мен жолдасы қайтыс болады.

90-жылдары жұмыссыз қалған ата-анасына қыздарын қалдырып, Сәуле Талдықорғанға аттанады. Қалада құрылыс фирмасына жұмысқа орналасады.

Сәуле Тасқымбайқызы бес жыл бойы кадр бөлімінің инспекторы болып жұмыс істейді.  Фирма жабылғаннан соң Сәуле Биғарова энергетикалық компанияға орналасып, ол жерде кадр бөлімінің басшысы қызметіне дейін өседі. Жаңа жұмыс орнында Сәуле Тасқымбайзының ұстаздық білімі де кәдеге жарап, компания ұжымына қазақ тілінен сабақ беретін болады. Айтқанға оңай сияқты, бірақ олай емес. Балаларға деген сағынышты басу үшін әрбір демалыста ауылға барып, ата-анасына азық-түлік, керек заттарын апарып тұратын. Ата-аналарына демеу болып, қайтыс болған ағасының да балаларына қол ұшын беріп тұрған.

Әсемдікті жаны сүйетін Сәуле Биғарова киім үлгілерін ойдан шығарып  тігетін болған. Достары мен таныстары оның шеберлігін жоғары бағалаған. Сәуле Биғарова бес той көйлегінің авторы. Кейін жеке гигиена заттарын сататын қытайлық фирманың аймақтағы өкілі болуға ұсыныс түседі. Кәсіпкерлікте тәжірибесі болмағандықтан, Сәуле Биғароваға жеке кәсіп үшін алғаш рет банктен несие алу да қорқынышты болған. Бірақ қорқыныш пен үрейді жеңе білгендіктен, ол үлкен іске бел буып, нәтижесінде оны отбасылық кәсіпке  айналдырады. Жетістікке жол жаңа білімді қажет етеді, сондықтан жеке кәсіпкер атанғаннан кейін кәсіпкерлікке қатысты барлық курстар мен тренингтерге қызығушылық таныта бастадым. Олар маған күш-жігер беріп, сенім ұялатты.

2014 жылы ол ҚКХП-пен танысады. Партияның Алматы облыстық комитеті хатшысының міндетіне Сәуле Биғарова сайланады.   «Кетіп қалу мүмкін емес болды, себебі маған адамдар көмек сұрап келетін, ал мен оларға қол ұшын беруге уәде беретінмін. Бір отбасыға жедел түрде квота алу үшін порталға тіркелу қажет болды, енді біреулерге алақол жұмыс берушіден еңбек кітапшасы мен тиісті өтемақыны алу керек еді. Бұған қоса көпбалалы аналар мен басқа да өтініштер бар. Менің міндетім көбейе түсті, бәрін тастап кетуге ұятым жібермеді», - деп еске алады Сәуле Тасқымбайқызы.

Уақыт өте келе біздің кейіпкер өзгелерге көмектесу оған жақын әрі түсінікті екендігін аңғарды. Ең бастысы бұл оның қолынан келеді: шенеуніктермен сөйлесе білу, сауатты кеңес беру, тиісті инстанцияға бағыттау және тыңдай білу. Сәуле Биғарова ешқашан өз шешіміне өкінбеген.

«Маған өзімнің жақындарыма, өзгелерге қамқорлық көрсету ұнайды. Адамдардың    жақсылыққа ұмтылғандары, болашаққа сеніммен қарағандары мені қуантады. Әрбір адамға құрметпен қараймын, ешкімді сынға алмаймын, оның жағдайын түсінуге тырысамын. Кез келген адамда жақсы жаққа өзгеріс пайда болса және оған менің де қосқан үлесім бар болса, мен үшін сол ең үлкен алғыс», - деп қорытындылады Сәуле Биғарова.

Ольга КАРТАШЁВА

Прочитано 86 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.