Понедельник, 02 апреля 2018 10:38

Көпқырлы ханым

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова - Қазақстан Коммунистік Халық партиясының құрамындағы ең танымал, ең мықты әйелдердің бірі.

Тұла бойы нәзіктік пен мейірімге толы Гаухар Нұғманова бізге берген сұхбатында бұған дейін ешкімге айтпаған сырларымен, жоспарымен, армандарымен бөлісті.

Кейіпкеріміз балалармен  және  жастармен жұмыс істегенді жақсы көреді екен. Себебі оның әкесі мен атасы еңбек сіңірген ұстаз болған көрінеді.

– ҚКХП-ға қызметке келгенге дейін Павлодар облысындағы ауылдардың  бірінде мектепте жұмыс істедім. Маған балалармен араласқан, олардың ортасында болған қатты ұнайтын. Мектептегі қыңыр балалармен де тез тілтабысатынмын. Қазір партия құрамында жүріп, жастармен араласуды жалғастырып келемін», – деді Гаухар Нұғманова.

Ол ХХ ғасырдағы саяси қайраткер ағылшын ханшайымы II Елизаветаны үлгі тұтады. Бұл туралы: «Ханшайым мені ақылдылығымен, парасаттылығымен және отбасына, немерелері мен балаларына деген қамқорлығымен баурап алды. Мен де үлкен отбасын армандаймын және соған бар махаббатымды арнауды қалаймын. Саясатта  Индира Ганди, Беназир Бхутто сынды әйелдердің бәсі биік деп білемін, – деді.

Гаухар Көкенқызының сөзінше, достары оның киім үлгісін Одри Хепберннің

киім кию үлгісіне ұқсатады.

– Мен көйлек кигенді ұнатамын. Жүрегімнің түкпірінде үнемі әдемі болып жүргенді қалаймын. Күнделікті өмірде жұмысқа ыңғайлы және түсі қара  киім киемін. Көктемде түрлі түсті киім киіп, тәжірибе жасап көруге тырысамын», – деді ол.

Гаухардың айтуынша, жұмыс оның екінші үйі.

– 2004 жылдан бері партияның қатарындамын. Партияға бойжеткен кезімдегі арманымды жүзеге асыру үшін кірдім. Кезінде октябрят, пионер сонымен қатар комсомол комитетінің хатшысы болдым. Жасым жетіп, Компартия қатарына қабылданар кезде, ол тарап кетті. Көп жылдан бергі арманымды осыдан 14 жыл бұрын жүзеге асырдым. Партияның үгіт-насихат жұмысын жүргізгенді жаным жақсы көреді. Басшы лауазымын атқарып жүрсем де, жастарға үлгі болу үшін кез келген жұмысқа, тіпті ауыр жұмысқа да белсене кірісемін. Адамдармен сөзге келмеуге, ешкімнің жанын жараламауға тырысамын», – деді ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Гаухар –  керемет аспаз. Оның қолынан бәрі келеді.

– Қойдың етінен жасалған палау сүйікті асым. Демалыс күндері осы асты әзірлеп, үйге достарым мен туыстарымды шақырамын. Аспаздықтың қыр-сырын анамнан үйрендім. Бір кездері тәтті бәліш пен нанды жиі пісіретінмін.

90-шы жылдары дүниенің барлығы қат болып тұрға тұста туыстарыма түрлі тәттілерді қолдан пісіріп беретінмін. Үйлену тойларына 10-15 тәтті бәліш әзірлеген кездерім де болды», – деді кейіпкеріміз.

Гаухар классикалық және заманауи музыка тыңдағанды ұнатады. Бұған қоса әдеби шығарма оқуға әуес.

– Максим Горькийдің, Лев Толстойдың, Федор Достоевскийдің, Мұхтар Әуезовтың туындыларын жиі оқимын», – деді Гаухар Нұғманова.

Ол биылғы жылдан және көктемнен тек жақсылық күтеді.

– Спортпен айналысуды қайта қолға алуды жоспарлап жүрмін. Денсаулыққа, саламатты өмір салтына басымдық бергім келеді. Қазақстандағы әйелдердің

әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарғанын қалаймын. Біз әйелдердің зейнетке шығу жасы қайта қаралады деп үміттенеміз. Қазақта: «Әйел қырық жанды» деген сөз бар. Рас, біз өмір сүруге бейімбіз, мықтымыз, десекте ер адамдардың отбасында, Үкіметте бізге қорған болғаны абзал.

Разия Әбдіқадырова

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.