Понедельник, 02 апреля 2018 10:42

ОКСАНА ШИШКИНА: Шындық үшін соңына дейін күресемін

Оцените материал
(0 голосов)

Қоғамда өмірге өкпелемейтін, ешнәрсеге налымайтын әйелдер бар. Олар кез келген жағдайда сабырға жүгінеді және барлық оқиғадан өмірлік  сабақ алады. Қажет болған жағдайда әділетсіздіктің құрбаны болған адамдардың мүддесі үшін бастарын бәйгеге тігуден де тайынбайды. Оксана Владимировна Шишкина осындай жан. Ол – әдемі әйел, қамқор ана және нағыз коммунист.

Оксана Владимировна  Семей қаласында туған. Бүгінде осы қалада өмір сүреді. Ол төрт баласы бар отбасында өскен. Бес жасында әкесінен айырылып қалған.  Оның әкесі өзге адамдардың өміріне араша түсемін деп жүріп, қайғылы қазаға ұшыраған. Анасы балаларын өзі тәрбиелеп, өзі жеткізген.

Оксананың отбасы жеке үйде бау-бақша өсіріп, жан баққан. Себебі анасының жалақысы мардымсыз болған. Оксана мектепке бес жарым жасында қабылданған, өйткені анасы таңнан кешке дейін жұмыста болған.  Осыған қарамастан ол сабақты өте жақсы оқыған. Бұған қоса ол үй шаруасына араласып, жеңіл атлетикамен, акробатикамен, тіпті бодибилдингпен айналысқан.

Оксана ешқандай жұмыстан қорықпаған. 12 жасынан бастап үй жинаушы болса, 15 жасында аяқ киім фабрикасында жұмыс істеген. Осы кезеңде оған жоғары оқу орны туралы ойлауға мүлде мұрша болмаған. Оксана тек жан бағуды ғана ойлаған.

Мектепті аяқтаған соң тұрмыс құрып, дүниеге қыз бала әкелген. Училищені бақылаушы-кассир мамандығы бойынша тәмамдап, сауда саласында еңбек етіп көрген. Алайда мұны жаны қаламаған.  Уақыт өте келе отбасының шырқы бұзылып, күйеуімен ажырасқан.  90-шы жылдардың қиындығына қарамастан Оксана қызына қолынан келгенше жағдай жасады. Ол тағдырына налыған жоқ, керісінше қайрала, шыңдала түсті.

Заман электротехникалық колледжін аяқтап, анасының ізін басты. Сөйтіп электржүйесі саласында еңбе етті. Бұл жерде Оксана Владимировна инженер лауазымына дейін өсті.

Бір күні егде жастағы адам Оксанаға келіп, ҚКХП құрамына өту туралы ұсыныс жасады. Оксана бірден келісті. Себебі оның өмірінде пионер мен  комсомолдың ізі сайрап жатыр еді.

Партия жұмысына белсене араласқаны үшін 2004 жылы Оксанаға ҚКХП Семей қалалық комитетін басқару міндеті сеніп тапсырылды. Ол бұл жұмысты абыроймен атқарды. Нәтижесінде коммунистердің саны артып, іс алға басты.

Оксаны Владимировнаның сөзінше, басында барлығы қиын болып көрінген. Жас әйел коммунистік идеяны насихаттауда басын тауға да, тасқа да ұрған.

Сол кезде басқа партиялардың көшбасшылары мен жергілікті атқарушы билік Оксанаға мүсіркей қараған. Уақыт  өте келе Оксана оларға өзін де, партияны да мойындатқан.

Оксана Владимировна мәселені сөзбен емес, іспен шешті. Ол адамдардың әлеуметтік жағдайының түйінін тарқатуға бар күшін жұмсады. 2007-2009 жылдар аралығында ол мүгедек балалар мен онкологиялық дертке шалдыққан жандарға қолынан келгенше көмек көрсетті.

Қазір ҚКХП Семей қалалық комитетін барлығы біледі, ал Оксана Шишкинамен жергілікті билік, саяси партия өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері ақылдасады және санасады.

Ол отбасы орталығымен бірлесіп, «Өмір сабақтары» жобасын жүзеге асырды. Осы арқылы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірге бейімделуіне атсалысты. Бұған қоса Оксаны 13 жасар Станиславты қамқорлығына алды.

Бүгінде Оксана Владимировна ҚКХП Семей қалалық  комитетінің жұмысын ұршықша иіріп отыр. Ол адамдарға көмек көрсету ұстанымынан айнымақ емес.

Ольга Карташёва

Прочитано 30 раз
Другие материалы в этой категории: « Көпқырлы ханым Идеяға адалдық »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.