Понедельник, 02 апреля 2018 10:44

Идеяға адалдық

Оцените материал
(0 голосов)

Адамның есімі мінезі мен тағдырына ықпал етеді деген түсінік бар. Мұнымен келісуге де, келіспеуге де болады. Шынтуайтында Раиса деген есімді иеленген адамдар  жанжал мен кикілжіңді тарқатуға және өмірге құштарлықпен қарауға бейім болады.  Олар нәтижесіз іс атқармайды, барлығын тиісінше істейді және жұмысқа басыбайлы беріледі.  Есімдер энциклопедиясында осылай жазылған. Біз бұл пікірге қарсы уәж айта алмаймыз. Өйткені ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы Раиса Балахонцева жоғарыдағының барлығына сай адам.

Раиса Михайловна Жамбылда дүниеге келгенмен, бар өмірін Көкшетау қаласында өткізді. Себебі оның ата-анасы алғашқы тың игерушілердің бірі ретінде  осы өңірдің өркендеуіне үлес қосқан.

Раиса Балахонцева №13 мектепті, кейін Көкшетау кооперативтік техникумын тәмамдаған. Білім алуға деген ұмтылыс кейіпкермізді Целиноград ауылшаруашылық институтына жетеледі. Ол аталмыш оқу орнын абыроймен аяқтағаннан кейін еңбек жолын сатушының тәлімгері болып бастады. 16 жыл ішінде универмаг дүкені басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Раиса Михайловна адалдығы, елгезектігі үшін сыйлы болды. Көп жылдар ол универмагтағы партиялық ұйымның хатшысы лауазымын атқарды. Марксизм-ленинизм университетін аяқтады. Бүгінде Раиса Михайловнаның партиядағы жалпы еңбек өтілі 37 жылды құрайды.

2005 жылы ол Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатарына қабылданды. Дәл осы уақытта Ленин идеясына адалдық танытып жүрген жандардан партияның іргетасы қаланып жатты. Раиса Балахонцева партияның қалыптасуы мен дамуына жан аямай, өлшеусіз үлес қосты. Ол күні бүгінге дейін сол кездегі қажыр-қайраты мен табандылығынан таймай келеді.

Ольга Карташева

Прочитано 22 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.