Понедельник, 02 апреля 2018 10:46

ГАУХАР ӨТЕЛБАЕВА: ТАБЫСТЫЛЫҚ БҰЛ – ТӘУЛІГІНЕ 25 САҒАТ ЖҰМЫС ІСТЕУ

Оцените материал
(0 голосов)

Гаухар Өтелбаева туралы көп жазуға болады. Бизнес-вумен, «Jef Tailor» тігін үйінің иесі, коммунист, ҚКХП-ның Мәжілістегі депутаты Тұрғын Сыздықовтың көмекшісі, республикалық «Бизнес-леди. Қазақстан» сайысының ұйымдастырушысы және «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының «Жыл кәсіпкері» номинациясының жеңімпазы. Ең бастысы ол әдемі әрі сыпайы әйел.

- Гаухар, табысты болу үшін әйелге қандай қасиеттер қажет?

- Табысты болу үшін әйел ең алдымен білімге құмар болуы тиіс және өз ісін сүю керек. Шынымды айтсам, табысты әйел болу өте қиын. Өкінішке орай, табысты әйел табысты жар болады дегенді білдірмейді. Көп жағдай да екеуінің біреуін таңдау қажет. Кәсіпкерлік пен табысты мансап  бақытты отбасымен бірге үйлесім таба бермейді. Табыстылық бұл – тәулігіне 25 сағат жұмыс істеу. Әрине, бұл жерде әйелдің өзіне тән харизма қажет. Коммуникациялар бұл - табысты кәсіптің ажырамас бөлігі, оны құрай білу де оңай емес.

- Қазақстан Коммунистік Халық партиясымен байланысыңыз туралы айтып берсеңіз.

- Негізінен ол ақпараттық сипатқа ие. Біздің депутаттар өздерінің сауалдарында өзекті тақырыптарды қозғайды. Мен бұл тақырыптарды әлеуметтік желілерге жариялаймын. Осылайша мен ақпараттық қолдау көрсетемін.

- Қашаннан бері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатарындасыз? Менің білуімше, Сіз қалалық мәслихат сайлауына қатыстыңыз?

- Қазақстан Коммунистік Халық партиясының құрамына кіргеніме үш  жыл болды. Бірнеше жыл бұрын жергілікті мәслихат сайлауына   қатыстым. Мәслихат сайлауына ҚКХП атынан түстім. Байқаған боларсыз, соңғы кездері мәслихат сайлауында басқарушы партияның кандидаттарынан басқа, коммунистердің немесе басқа да партиялардың кандидаттары жеңіске жеткен емес. Меніңше,   жергілікті органның 100%  бір партияның өкілдерінен тұруы дұрыс емес. Мен бір коммунист болсын мәслихатта болуы тиіс деп санаймын.

- Сіздің таңдауыңыз неліктен ҚКХП-ға түсті?

- ҚКХП маған бала күнімнен жақын десем де болады. Мен Кеңес елінде дүниеге келіп бой жеттім, маған оның идеологиясы түсінікті. Әрине, трансформация қажет. Идеологияны жаңа өмірге бейімдеу керек. Дегенмен біздің партияның болашағы зор. Біздің Мәжілістегі депутаттарымызға қараңызшы, Айқын Қоңыров, Ирина Смирнова, Магеррам Магеррамов... Олар әлеуметтік белсенді коммунистер, үнемі қазақстандықтардың көкейкесті мәселелерін тілге тиек етеді. Біздің депутаттар өз сауалдарында өзекті тақырыптарды қозғайды. Коммунистік партияға көмек сұрап келетін адамдар да өте көп.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Маргарита НИКИТИНА

Прочитано 60 раз
Другие материалы в этой категории: « Идеяға адалдық Әйелдің нәзік күші »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.