Вторник, 12 марта 2019 18:09

Гипер жобалардың жолы бола ма?

Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады.

Понедельник, 11 марта 2019 14:24

Өтірік неге керек шын болмаса...

Ресми ақпараттарға қарағанда былтырғы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,3 пайыз болыпты. 2017 жылмен салыстырғанда бұл 6 пайызға ғана артық. Тіпті керемет, мұндай болса жағдайымыз жаман болмағаны ғой. Бірақ, «өлгеніңді жасырарсың, көмгенде қайтерсің» демекші  мұның жалған екенін халық күнделікті өмірде көріп жүр емес пе? Доллар қымбаттаған сайын оған сатып алынатын барлық шетелдік тауарлардың, дәрі-дәрмектердің бағасы да күннен-күнге шарықтап барады. Олардан өзімізде өндірілетіндердің бағасы да қалар емес. Сондықтан халықты алдарқатып, өтірік ақпар берудің не керегі бар?

Понедельник, 11 марта 2019 14:19

Несие қайда жұмсалып жатыр?

2018 жылдың 11 айында банктердің халыққа берген несиелерінің 52 пайызы импорттық тауарларды алуға жұмсалған екен. Мұны «Халықтық коммунистер» партиясының сарапшылары анықтап отыр. Осы партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі А.Қоңыров мұны алаңдатарлық жағдай деп санап, Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышевке сауал жолдады. Өйткені, барлық дамыған және дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттерде несиенің үлкен бөлігі өндіріс пен ауыл шаруашылығына беріледі.

Өткен жолы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолы гипер жобаларының жай-күйін айтып беруді Үкіметтен сұраған болатын. Осы мақалада депутаттың аталмыш гипер жобалардың өзін-өзі ақтауы мүмкін емес екеніне, сонымен қатар оларды іске асыруға кеткен халықаралық банктерден алынған әлемет қарыздың күннен-күнге өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірілгені айтылған.

Сочидегі ЕАЭО саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев Каспий мен Қара теңізді қосуға қатысты «Еуразия» атты «ғасыр жобасын» жүзеге асыру мәселесі  төңірегінде ой қорыту қажеттігін тағы да алға тартты. Бұл идея 20 ғасырдың басында Сталиннің кезінде пайда болған. Соғыстың басталуына байланысты жоба жүзеге аспай қалған. 2007  жылы  Назарбаев осыған қатысты бастаманы қайта көтерді, тіпті зерттеу жұмыстары да қолға алынды. Алайда уақыт өте келе «Еуразия» жобасы ұмыт қала бастады, бірақ Назарбаев екі әлемді қосу бастамасын жаһан жұртының есіне салды, Exclusive хабарлайды.

Понедельник, 14 ноября 2016 16:36

ТАНЫМАЛ БОЛУДАН ТАРТЫНБА, ДЕПУТАТ

Парламент депутаты болу – халықтың мұң-зарын ескеріп, мүддесін көздейтін қолдаушысы болу екені әлми сақтан белгілі. Халық сайлаған соң қабылданатын заңдардың адамдардың  мүддесіне сай болуын депутат алдымен ескергені жөн. Бұл–барлық демократиялық құрылыстардың міндеті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.