Среда, 30 января 2019 15:41

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» – пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Өткен жолы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолы гипер жобаларының жай-күйін айтып беруді Үкіметтен сұраған болатын. Осы мақалада депутаттың аталмыш гипер жобалардың өзін-өзі ақтауы мүмкін емес екеніне, сонымен қатар оларды іске асыруға кеткен халықаралық банктерден алынған әлемет қарыздың күннен-күнге өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірілгені айтылған.

Сол сауалға жуырда үкіметтен, Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың қолы қойылған жауап келді. Онда алдымен жалпы белгілі дүниелер жазылыпты, соның ішінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының жалпы ұзындығы 8445 шақырым екендігі, соның 2787 шақырымы Қазақстанның аумағы арқылы өтетіні көрсетілген. Қазір Қазақстан аумағы арқылы өтетін осы жолдың бөлігі толыққа жақын іске қосылған. Тек Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі туннель арқылы жүргізілуге тиісті 860 шақырымдық бөлігі әлі бітпей тұр екен. Ол биылғы жылы аяқталатын көрінеді.

Ал Қытай өз аумағы арқылы өтетін бөлікті 2013 жылы-ақ бітіріп тастапты.

Бар гәп Ресейге тіреледі. Олар 2018 жылы аяқтаймыз деген өздеріндегі жол бөлігін әлі бастамаған. Тіпті бастауға ниеті де жоқ сияқты, өйткені біздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің былтырғы қыркүйек айының басында жіберген хатына әлі күнге жауап та бермеген.

Өзіне экономикалық санкциялар жасап жатқан Батыс Еуропа елдерімен тас жол арқылы байланыс жасауға олардың ықыласы да жоқ сияқты. Соның кесірінен транзит арқылы көл-көсір табыс табамыз ба деп отырған Қазақстан экономикасы аяқтан ақсауы мүмкін. Өйткені, жол салуға алынған қарыз көлемі ұшан-теңіз екені белгілі. 12 қарызбен 4,8 млрд. АҚШ доллары қарызға алынған. Соның 3,7 млрд. доллары игерілген. Осы уақытқа дейін тек 789 млн ғана қайтарылыпты, қалғаны мойында ілулі тұр.

Жолдың түсімі көздеген межеде болмағандықтан оның толық қайтарылуы Қазақстан бюджетінен, яғни қазақстандықтардың қалтасынан қағылатыны да хақ. Оның үстіне жолдың инфрақұрылымын ұстау үшін жылына 3 млрд. теңге бөлінеді екен. Сайып келгенде бұл жол бізге пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба болғалы тұр.

Ал Қазақстаннан шығып, Түркіменстан, Иран арқылы Парсы шығанағына шығуға тиісті «Өзен-Болашақ-2-Берекет-Горган» темір жолының құрылысы толығымен тек 2021 жылы аяқталатын көрінеді. Онымен 12 млн. тонна экспорт, 0,4 млн. тонна импорт және 0,8 млн. тонна транзит жүктері тасымалданады деп жоспарланған.

Міне, үкімет депутаттың алаңдаушылығына осындай жауап берді.

aaaaaaС.Елеу, сарапшы

Abai.kz

Деп жатыр 24 Қаңтар, 2019 сағат 08:55

Прочитано 157 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.