Пятница, 29 декабря 2017 16:49

АЛМАТЫЛЫҚ КОММУНИСТЕР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП-ның ең ірі бөлімшелерінің бірі Алматы қалалық комитеті жыл қорытындысын жасады.

ҚКХП Алматы ҚК-ның 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы бірінші хатшы Әлібек Шапенов баяндады:

- Осы жылдың наурыз айында алматылық коммунистер және партияның жетекшілері маған үлкен сенім артып, мені Алматы қалалық комитетінің жетекшісі қызметіне сайлады. Мен үшін бұл жаңа, таныс емес жұмыс болды, бірақ сіздердің қолдауларыңыз арқылы біз нақты жетістіктерге жеттік. Біріншіден, жұмыс барысында жоспарлылық пен жандандыру тәсілін қолдана бастадық. Сіздер байқаған боларсыздар, біздің комитетте іс-шара күн сайын өткізіледі. Кей кезде қатарынан екі немесе үш іс-шара өткіземіз. Бұл іс-шаралар кейде демалыс күндері де ұйымдастырылады. Өткен айда Алматы ҚК бірқатар маңызды акциялар мен іс-шаралар өткізіп, жаңа жобаларды іске қосты.

Ә.Шапенов Алматы ҚК жанында қалалық комитеттің мүшесі Г.Нұрпейісованың  бастамасымен Әйелдер кеңесі құрылғанын айтты. Сонымен қатар Пікірталас клубы да өз жұмысын бастады. Бұл жерде партияның кез келген мүшесі белгілі бір  мәселе бойынша өз ойын ашық жеткізе алады. 1917 жылғы Қазан революциясына орай «Цикл бесед» апталық жобасы бастау алды.  «Құрметтейді, қастерлемейді» акциясы да жалғасып жатыр.  Ай сайын «Коммунист Казахстана» журналы талқыланады. Ауған соғысы ардагерлері ұйымымен, ішкі істер органдары ардагерлерімен және ҮЕҰ тығыз ынтымақтастық орнатылған.  Партияның жұмысы туралы ақпаратты кең ауқымда насихаттау және контентті толтыру мақсатында   әрбір әлеуметтік желіге қалалық комитеттің бір қызметкері бекітілген. «YouTube»  видеохостингісінде партияның видеоматериалдарын орнату үшін комитеттің  жалпыға қолжетімді арнайы парақшасы ашылды.

- Партияның танымалдылығын арттыру және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында басқа бауырлас елдердің партияларымен байланыс орнатылды. Ресей Федерациясымен бірлесе отырып, биыл «Алматы – Шушенское» мәдени-этнографиялық автошеруі ұйымдастырылды., - деп жалғастырды Ә. Шапенов.  – Біз Алматы және Шығыс Қазақстан аумағымен, Алтай өлкесі, Алтай Республикасы, Кемеров облысы мен РФ Хакасия Республикасынан жүріп өттік. Бұл жерлерде  КПРФ өкілдерімен кездестік, олар біздің акцияға үлкен ықылас танытып, партиямызға қолдау көрсетті.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруімізді де осы жылдың елеулі оқиғасы деп атауға болады. Жастар мен студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстары да жандандырылды. Мектептер мен жоғары және арнайы орта оқу мекемелерімен, қалалық білім беру басқармасымен  байланыс орнатылып жатыр. ҰҚСР 100 жылдығына және ҚР Тәуелсіздігі күніне орайластырылған іс-шаралар да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әлібек Төлегенұлының сөзінше, қазіргі таңда қалалық комитет аудандық комитеттер құру жұмыстарымен айналысуда.  Қаланың әрбір ауданына қалалық комитеттің қызметкерлері бекітілген, олардың міндеті - аудандық партия ұйымын құру.

- Қалалық комитеттің 2017 жылы атқарған негізгі жұмыстарының қорытындысы осындай. Алда іске асырылатын жұмыстар да көп. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен қолдауларыңызға үлкен үміт артамыз. Қазақстанның барлық халық коммунистерін 2017 жылдың сәтті  аяқталуымен құттықтаймын, келер жаңа жылда партияға толағай табыс, өрлеу мен өркендеу тілеймін! – деп қорытындылады Әлібек Шапенов.

 Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.