Понедельник, 12 февраля 2018 16:00

Жаңа жылға жаңа күшпен

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасына көмек сұрап келетіндердің басым бөлігі өмірдің қиын жағдайына тап болған көпбалалы аналар. Олардың  бастан кешкен оқиғалары әртүрлі, бірақ барлығы  жоқшылық пен кедейшілікке тап болып отыр. Жоба волонтерлары барлығына бірдей көмек көрсетуге тырысады.

PerizatПеризат Матаева үш баланың анасы. Ортаншы баласы Нұрмұхамед неврология бойынша маманның кеңесіне зәру. Нұрмұхамед жиі есінен айырылып, денесі дірілдеп қалады. Осы күнге дейін емхана диагноз қоя алмаған. Жеке медорталықтардан тексеруден өткізуге Перизаттың шамасы жетпейді, себебі дәрігерге бір көріну 6 мың тұрады, ал сараптама құны 30 мыңға дейін жетіп қалады. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады, отағасының айлығы азық-түлікке әзер жетеді.  Баланың қиналғанын көру ата-ана үшін үлкен қасірет, бірақ ем алуға қаржылық жағдай жетпей отыр. Қазіргі кезде Нұрмұхамедтің еміне ақша жинау басталды. 

GulzhaukharГүлжаухар Дінасылова зейнет жасында, ІІ топтағы мүгедек. Оның қарауында қабілеті жоқ ұлы мен екі немересі бар. Басына алған зақымнан кейін оның ұлы психикалық ауруға шалдыққан, урологиялық мәселелері де бар. Мүгедектікке төленетін зейнетақыға өмір сүреді, өздерінің баспанасы жоқ, жатақхананың бір бөлмесінде тұрады. Жейтін тамақтары да жоқ, қоқыс жәшіктерінен нан теріп жеуге мәжбүр. Жоба орталығы Гүлжаухар Дінасыловаға азық-түлікпен көмек жасады. Бұдан басқа балалар мен ересектерге арналған дәрі-дәрмектер де қажет. 

AygulАйгүл Сәдуақасованың жуырда жолдасы қайтыс болып, өзі үш баланы өсіріп жатыр. Кенже баласы әлі кішкентай, оған қарайтын адам жоқ, ал жеті жасар қызы клиникалық өлім мен комадан кейін қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Отбасының табысы 43 мың теңгені құрайды, оның 30 мыңы жалдамалы бөлмеге төленеді. «Шапағат» орталығында Айгүлдің балаларына киімдер мен ойыншықтар, азық-түлік берілді. Бұл отбасыға көмектесем деушілерге волонтерлар кез келген уақытта сіздерден тапсырылатын заттарды алып кетуге әзір.

Муталиевтар отбасында төрт бала бар. Отанасы Айгүл әзірше жұмыс істемейді, себебі қызы бронхиалды астманың ауыр түрімен ауырады, балаға үнемі күтім қажет. Отағасы мүгедектікте, дегенмен құрылыста жұмыс істейді. Жатақханадағы бір бөлмеге 40 мың теңге төлейді, қалған ақша қыздарының дәрі-дәрмектеріне кетеді. Дұрыс тамақтану мүмкіндігі жоқ. Үлкен балаларға аяқ киім қажет. «Шапағаттың» волонтерлары бұл отбасыға азық-түлік пен киімдер беріп жіберді. Әрине, ол аз.

SabiraСабира Есмахан қазіргі кезде бала күтімі бойынша демалыста. Төрт баласы бар. Әзірге жұмысқа шығу мүмкіндігі жоқ. Баспана ақысын төлеуге ата-анасы көмектеседі. Отбасының табысы 9 мың теңге. Туыс-туғандар, көршілер көмектесіп тұрады. Қазіргі таңда Сабираның материалдық жағдайы өте ауыр. Волонтерлар азық-түлік апарып берді. Қысқы жылы киімдер қажет. Сабира кез келген көмекке риза. 

BayazitovaЖұлдыз Баязитова 27 жаста, төрт бала тәрбиелеп отыр. Үлкені 5 жаста, ал кішкентайына небәрі 1 жаста. Төртінші баласына аяғы ауыр кезде жолдасы тастап кеткен. Жатақханада бөлме жалдап тұрады. Бөлменің ақысы төленбеген, енді жатақханадан шығып қалу қаупі бар. Тамақ алатын ақшалары да жоқ. Алимент те алмайды. Бір жәрдемақыға күн көріп отыр. Әрине ол жеткіліксіз. Жұлдыздың тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ. Волонтерлар азық-түлік апарып берді, бірақ бұл тек бір реттік көмек қой.

 «Шапағат» қиын жағдайға тап болғандардың барлығына көмектесуге дайын. Әркімнің басында әртүрлі жағдай бар. Дегенмен, біз – адамбыз, яғни біздің санамыз бен жүрегіміз біреудің қайғысы мен қасіретіне, қиын жағдайына бей-жай қарай алмайды.

Дайындаған  Ольга КАРТАШЁВА

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.