Вторник, 29 мая 2018 16:05

Астана қалалық комитеті қоғамдық пікірталас өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің ұйытқы болуымен18 мамырда Д.А. Қонаев атындағы колледжде «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі» деген тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті.

– Соңғы жылдары Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы бұрмаланып жүргені жасырын емес. Бүгінгі жиын жастарға Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес одағының жеңісін бұрмалаудың салдарын түсіндіруді көздейді, – деді жиынның модераторы, қалалық комитеттің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров. – Соңғы уақытта әлемдік қауымдастықта, соның ішінде біздің  қоғамда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты деректердің тарихы бұрмаланып, шынайы фактілерді жоққа шығару үрдісі байқалуда. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісті атап өту кезінде жыл сайын кеңес әскерлерінің ерлігін жоққа шығару үшін жалған ақпарат таратылады. Ол оқу әдебиеті мен  БАҚ  арқылы таратылып, өскелең ұрпақтың санасын улайды.

Мысалы, Калинин майданындағы 100 дербес қазақ атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының батыры атағына ие болған Мәншүк Мәметованы мейірбике етіп көрсеткілері келеді. Оны соғыспаған, ұрыс даласына шықпаған адам ретінде таныстырады. Бұған жол беруге болмайды. Біз батырларымыздың ерлігін, қаһармандығын есте сақтауға тиіспіз.

Жиында Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, партия мүшесі

Геннадий Филиппов пен ҚКХП Жастар қанатының өкілі Сұңқар Ислам баяндама жасады.

– Таяуда «28 панфиловшы» деген фильм жарық көрді. Олар мүлде болмаған деген ақпарат тарады. Осының ақ-қарасын анықтауға тырыстым. Ресей Федерациясы Мемлекеттік архивінің ресми сайтына хабарласып, КСРО архиві жариялаған құжаттарды таптым. Онда панфиловшылар болмаған деп жазылған. Адамдар болған, ұрыс болмаған сияқты.… Біз соғыс болғанын білеміз. Біз ақиқатты іздеуден және танудан жалықпауымыз керек, – деді комсомол.

ҚКХПАстана қалалық комитеті

333

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.