Вторник, 29 мая 2018 16:40

Астана қалалық комитетінің хатшылары аграрлармен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП басшылығының тапсырмасымен халық қалаулысы Тұрғын Сыздықовтың депутаттық сауалына орайАстана қалалық комитетінің мүшелері М.Әубәкіров пен Н.Оразханов Астана маңында көкеніс өсірумен айналысатын шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Астанадан 15 шақырым жерде орналасқан шаруашылық 6 жылдан астам уақыт қырыққабат, сәбіз, қияр, қызанақ, картоп егумен және оны Астана қаласының базарларына жеткізумен айналысады. Бұл жерде 50 адам еңбек етеді.

Кездесу кезінде қалалық комитеттің хатшылары шаруа қожалығы жұмысының жайын біліп, күрмеуі шешілмей жүрген мәселелерді анықтады. Коммунистер мен шаруашылық өкілдері өнімділікті арттыру үшін  Целиноград ауданы мен Астана қаласы әкімімен кездесу ұйымдастыруға уағдаласты.

24 мамырда М.Әубәкіров «Астана Эко Стандарт» ЖШС директорының орынбасары Н.Нұртазинмен кездесті. Коммунист кәсіпкерді ҚКХП-ның қызметімен таныстырып, Тұрғын Сыздықовтың депутаттық сауалынан құлақдар етті.

– Коммунистер Астанадағы ауылшаруашылығы өнімдерінің түрлерімен, бағасымен танысты. Бірқатар дүкендерді, сауда орталықтарын, базарларды аралады. Нәтижесінде азық-түліктің бағасы тым қымбат екеніне көз жеткізді.

Қияр мен қызанақты 500-800 теңгеге қалай алуға болады? Сөрелерді Қазақстанның оңтүстік аймағынан, Қырғызстаннан, Өзбекстан мен Қытайдан  әкелінген көкеністер жаулап алған. Астананың айналасында қияр мен қызанақ немесе қырыққабат өспей ме? Кезінде осының бәрі болды ғой.

Өзінің депутаттық сауалында  Тұрғын Сыздықов Астананың айналасында аты аталған көкеністерді өсіру қажеттігін алға тартады.

Менімше, Ақмола, Қарағанды облыстарының әкімшілігі бұл мәселені тауарөндірушілермен жан-жақты талқылап, шешуі керек. Көкеністер өзімізде өндірілгенде ғана баға төмендейді.

Астанада сегіз көкеніс қоймасы бар. Оның төртеуі жұмыс істемейді, қалған төртеуі толық қуатының 50-60%-ын ғана іске қосып тұр. Автокөлікпен келетін көкеніс пышақүсті сатылады. Сақтауға ештеңе қалмайды. Айқын Қоңыров партия белсенділерінің жергілікті жерде жаңа тұрғын үй салу туралы бастамасын қолдады. Жаңа тұрғын үй салынбайынша, жастар ауылға бармайды. Бұл ол жақта жұмыс істейтін адам болмайды, бизнес дамымайды, үй салынбайды, ауылшаруашылығы алға жылжымайды деген сөз.

Мен депутаттық сауалға қолдау білдіре отырып, Үкімет жергілікті жерде жаңа тұрғын үй салу үшін арнайы бағдарлама қабылдауға тиіс деп  ойлаймын, – деді қалалық комитеттің бірінші хатшысы.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

Прочитано 185 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.