2018 жылдың 21 маусымында Ұлы Отан соғысының басталу күніне орай Ақмола ОК Жастар қанатының көшбасшылары жергілікті госпитальда жарақаттан қаза болған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері жерленген Көкшетау қаласының зиратында сенбілік өткізді.

Понедельник, 18 июня 2018 12:49

Сәт сапар, жас түлек

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназиясының түлектерге арналған  мерекенің арнайы қонағы болып, оқушыларға салтанатты түрде мектеп аттестатын тапсыру рәсіміне қатысты. Бірінші хатшысы өзінің құттықтау сөзінде мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдіріп, мектеп-гимназия оқушыларының арасында ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасының волонтерлары көп екенін атап өтті. Мектептің кейбір оқушылары ҚКХП-ның патриоттық және интернационалдық іс-шараларына белсенді қатысып отырады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Іс барысында халық коммунистері қатысушыларға жергілікті атқарушы органға шағымдануға немесе алғыс білдіруге болатынын жеткізді.

Адамдарды ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасындағы бейберекетсіздік, Астана қаласының туған күнін атап өтуге жұмсалып жатқан қаржы көлемі, жалға берілетін баспананың кезегі, сот қызметі мен құқық қорғау органдарының, оның ішінде полицияның  сапасыз жұмысы сонымен қатар балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге арналған тегін орталықтардың жоқтығы сынды мәселелер мазалайды екен.

2018 жылғы 9 маусымда Көкшетау қаласында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің пленумы өтті. Жиында облыстық партия ұйымының қызметі тілге тиек етілді.

Пленумға қатысушылар түрлі тақырыптарды талқылап, ҚКХП атынан Зеренді аудандық мәслихатына сайланған депутат М.Молдахметова мен М.Қасымованың жастармен жұмыс жөніндегі есебін тыңдады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мажитов өз баяндамасында биылғы жылдың саяси маңыздылығына тоқталып, коммунистердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосып отырған үлесі, сонымен қатар ел бірлігі мен адамдардың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жайлы айтты.

Понедельник, 28 мая 2018 16:53

Тілдесу ортасы

27 мамырда Қазақстан Коммунистік жастар Одағының Ақмола бөлімшесі Көкшетау қаласында таныстырылымын жасаған жастар клубы осылай аталады. 

Клубтың ашылуына жиырмаға жуық адам келді. ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мажитов пен облыстық Қазақстан Коммунистік жастар Одағының көшбасшысы Мәдина Қасымова жастар клубының жұмысы басталғанын жариялап, клубтың мақсаты мен міндетін тілге тиек етті. Сонымен қатар қатысушыларды клубтың: сөйле, пікіралмас, ұсыныс айт деген тәртібімен таныстырды.

Среда, 16 мая 2018 10:34

Игі іс

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының   мамандарымен кездесіп, Ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі туралы ҚКХП ОК-ның мәлімдемесімен  ақпараттандырды. ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров жасаған Мәлімдеменің мазмұны Басқарма қызметкерлері арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Экономика мәселелері жөніндегі басқарма  жетекшісінің орныбасары Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы жиналысында бұл мәселе талқыланып, қолдауға ие болғандығы туралы айтты.

ҚКХП Ақмола ОК Жастар қанатының мүшелері Көкшетау қаласындағы Аналар үйінің аумағында сенбілік өткізді. Оларға аға буын коммунистер де көмекке келді.

2011 жылдан бастап Қазақстанда 15 сәуір күні Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни Ғашықтар мерекесі аталып өтіледі. Қазақ халқының лиро-эпосы шынайы махаббат пен адалдықты жыр етеді. Сондықтан мереке ғашықтық сезімнің пәктігін, көркемдігін паш етуге бағытталған. Сонымен қатар ол қазақ қыздары мен  батырларының дана мен даралығын үгіттейді.

Страница 1 из 2

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.