Среда, 17 января 2018 10:44

Ақмолалық коммунистер Президенттің жаңа Жолдауын қолдайды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

16 қаңтар күні ҚКХП Ақмола облыстық комитеті Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы  Жолдауы талқыланды.

Ақмолалық коммунистер Президенттің жаңа Жолдауын қолдайды

Президенттің кезекті Жолдауының ерекшеліктері туралы алғашқылардың бірі болып обкомның бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов пікір білдірді. Ақмола облысы халық коммунистерінің жетекшісі жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудартты. Б.Мәжитов қатысушыларға ҚКХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың осы мәселеге қатысты мақаласын оқып берді.

Барлық қатысушылар Мемлекет басшысының жаңа стратегиялық құжатын талқылауға белсенді қатысты. В.Соловьев, М.Мусин, С.Бадак, Т.Верховцевалар өздерінің ұсыныстарын да ортаға салды.

Жергілікті коммунистер Президенттің Жолдауын толыққанды қолдайды және оның өзектілігі мен маңызыдылығын ерекше атап отыр. Алайда олар республика бойынша әшкереленген сыбайлас-жемқорлық фактілерінің саны үрей туғызатынын айтты. Сонымен қатар әрбір қатысушы алға қойылған мақсаттың сапасына бақылау мен үлкен жауапкершілік қажеттігін алға тартты.

Aqmola2Aqmola2

Прочитано 57 раз
Другие материалы в этой категории: Көктемгі су тасқынына әзірлік мәселесі талқыланды »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.