Понедельник, 28 мая 2018 16:53

Тілдесу ортасы

Оцените материал
(0 голосов)

27 мамырда Қазақстан Коммунистік жастар Одағының Ақмола бөлімшесі Көкшетау қаласында таныстырылымын жасаған жастар клубы осылай аталады. 

Клубтың ашылуына жиырмаға жуық адам келді. ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мажитов пен облыстық Қазақстан Коммунистік жастар Одағының көшбасшысы Мәдина Қасымова жастар клубының жұмысы басталғанын жариялап, клубтың мақсаты мен міндетін тілге тиек етті. Сонымен қатар қатысушыларды клубтың: сөйле, пікіралмас, ұсыныс айт деген тәртібімен таныстырды.

«Бұл клуб жастарға қатысты өзекті тақырыптарды талқылау үшін құрылды. Мұнда жас адамдар бейресми жағдайда жаңа таныс тауып, арнайы шақырылған спикерлерден мол мағлұмат алады», – деді М.Қасымова.

Алғашқы кездесуде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды.

Тақырыпты талдауға арналған тренингке Астана қаласының еріктісі

Салтанат Распаева арнайы келді. Ол аудио-видео арқылы «Таңдамалы сұхбат: тиімді түрі және әдісі» деген тақырыпты түсіндірді.

Кездесуге келген жастар түйіндеме құрастырудың қыр-сыры мен жұмысқа қабылданған кезде өткізілетін әңгімелесу кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетін меңгерді, сонымен қатар еңбек шартын жасаған кездегі түйткілдерді сараптады. 

Қатысушыларға демеуші Сәуле Ережепованың атынан шай мен түрлі тәтті ұсынылды.

Кездесу соңында қатысушылар келесі жолы талқылағылары келетін тақырыптарды ұсынып, алғаш рет өткізілген шараны «өте жақсы» деп бағалады.

Мадина Қасымова барлық қатысушыларға алғыс айтып, қыркүйек айынан бастап әр айдың соңғы сенбісінде клубта кездесу дәстүрге айналатынын жеткізді.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің хатшысы ерікті Салтанат Распаеваға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

IMG 9577IMG 9577IMG 9577IMG 9577IMG 9577IMG 9577IMG 9577IMG 9577

Прочитано 208 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.