Среда, 13 июня 2018 15:54

Ақмола облысының коммунистері «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Іс барысында халық коммунистері қатысушыларға жергілікті атқарушы органға шағымдануға немесе алғыс білдіруге болатынын жеткізді.

Адамдарды ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасындағы бейберекетсіздік, Астана қаласының туған күнін атап өтуге жұмсалып жатқан қаржы көлемі, жалға берілетін баспананың кезегі, сот қызметі мен құқық қорғау органдарының, оның ішінде полицияның  сапасыз жұмысы сонымен қатар балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге арналған тегін орталықтардың жоқтығы сынды мәселелер мазалайды екен.

Тұрғындар облыс әкімінен жолға, қоғамдық көлікке, балалар алаңдарына, пәтерлердегі ыстық суға қатысты сұрақтардың жауабын білгісі келетін көрінеді.

Айта кету керек, сауалнамаға қатысқан бірқатар азаматтар Көкшетау қаласының әкіміне қаланың қазіргі келбеті үшін алғыс білдірді. Сұралғандардың арасында аймақ басшыларын білмейтіндер мен пікір білдіруден бас тартқандар болды.

Акция қарапайым адамдарды былай қойғанда, атқарушы билік өкілдерінің саяси мәдениеті төмен екенін және олардың ел заңнамасын жетік меңгермегенін көрсетті.

Жалпы алғанда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері халыққа жақын болуы керек. Билік халықтың сенімін жаулап алуы тиіс. Акция осындай ой түйгізді.

DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052DSC 9052

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.