Четверг, 05 июля 2018 11:14

Ақмола облыстық комитетінде Қопа көлінің жағдайы талқыланды Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің кеңсесінде Қопа көлі маңындағы экология мен әуесқой  балық аулаушылықты дамыту  талқыланды. Бұл бастаманы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов көтерді.

 Кездесуге Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері мен «Казахрыбхоз» мамандары, қоғам өкілдері және журналистер қатысты.

Басқосуда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі Болат Токишев пен жаратылыстану ғылымдарының магистрі Жеткерген Әбдиев сөз сөйледі. Олар өзендерді тазарту шаралары мен Қопа көліне ақ амурларды жіберу туралы айтып берді. Алайда қоғам өкілдері көлге балық жіберу амалы тиімсіз екенін ескертті, себебі бұл балықтардың  аймаққа бейімделуі өте төмен. Сонымен қатар Қопа көліндегі балық аулаушылық мәселесі де көтерілді. Өкілетті органдардың қызметкерлері көлде балық аулауға болатындығын жеткізді. Бірақ ҚХР-да өндірілген ау арқылы аулауға тыйым салынған.

Балық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі С.Ідірісов су қоймаларының жануарлар дүниесін тексеру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы айта келе, қатысушыларды қытайлық аумен балық аулауды тоқтату үшін күш біріктіруге шақырды. Оның айтуынша, бұл ау су қоймаларын ластайды.

Барлық қатысушылар коммунистердің Қопа көлін тиімді тазарту мақсатында моральдық және материалдық күштерді шоғырландыру үшін «Қопа» қоғамдық қорын құру ұсынысын қолдады.

Прочитано 46 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.