Пятница, 15 марта 2019 16:53

Атбасар ауданындағы су тасқыны маусымына дайындық Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП-ның Атбасар ауданындағы өкілі Е.Б. Түбекова аудандық әкімдікте болып, 2019 жылғы маусымдық тасқынның қауіпсіз өтуіне қолданылып жатқан шаралармен таныс болды.

Жауапты тұлғалардың ақпараты бойынша, елді мекендерді инженерлік қорғаудың іс-шаралар жоспарына сай ауданның 9 елді мекенінде тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізілген. 

Атбасардағы Жабай өзенінің арнасында тазарту жұмыстары жүргізіліп, «Достық-синтез» ауданындағы Жабай өзенінің жағалауы тереңдетілген. «Солдатский пляж» жағалауында да тазарту жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі таңда «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ бөлімшесінің Атбасар жолдар дистанциясы кәсіпорнының көмегімен  темір жол көпірі ауданында камыстарды шабу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелері қардан тазартылып

жатыр. Бүгінгі таңда 54 кубометр қар шығарылған, жұмыстар  жалғасуда. Атбасар ауданындағы өзендердің су тасқыны учаскелеріндегі жару жұмыстарына дайындық ұйымдастыру жұмыстары өткізілген. Өткен жылғы талдауларды ескерсек, аудан бойынша 26 тасқын қаупі бар участок анықталған, бұл жерлерде жалпы ауқымы 9 484 шаршы метрді қамтитын  жару жұмыстарын өткізу қажет.

Жарылыс жұмыстары аудан аумағында 14-16 наурыз күндері жүргізілетін болады.

Су басу қаупі бар аумақта 167 отбасы тұрады, олардың 87-сі Атбасарды, 80-ні Покровка, Мариновка, А.Курманова, Полтавка, Новосельский, Садовое, Титовка, Тимашевка, Шуйское елді мекендерінде тұратындар.  Атбасарда эвакуациялық бекеттер анықталған: эвакуацияланған халықты уақытша орналастырудың 5 нышаны: ( № 4,5,3,7,8 ОМ), материалдық құндылықтарды орналастыру үшін 2 нысан (Бас ЖК, Целиндорстрой ААҚ), үй жануарларын ұстайтын 1 нышан («Абдуалиевтар» ЖШС).

Осы жылы алдын алу шараларына жергілікті бюджеттен 19,105 миллион теңге: 1,5 млн – ЖЖМ алуға, 3 млн – жару жұмыстарын жүргізуге, 722 мың – қаптар алуға, 1,9 млн – сайларды тазартуға, 4 млн – Заречный ауылы аумағындағы Жабай өзеніндегі бөгеттерге демонтаж бен монтаж жүргізуге, 483 мың – арық-арна жүйелерін тазартуға, 7,5 млн – қала аумағынан қарды тазалау және шығару жұмыстарына бөлінген.

Азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек қорымен алдын ала қамту мақсатында шаралар қолға алынған.

Қопсыту және ұсақтату бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін Атбасар ауданына облыстық бюджеттен 7,176 мың теңге бөлінген, бұл 6 005 шаршы метр ауқымды қамтиды.

«Атбасар су» мекемесіндегі автокөлік техникасының техникалық жағдайын тексеру барысында оның тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша жұмыстар жүргізуге жеткіліксіз екендігі анықталды. Жыл сайынғы инертті материалдарды (құм,  қиыршық тас)  әзірлеу мәселесі де өзекті болып тұр, себебі аудандағы карьерлер әлі күнге дейін заңдастырылмаған. 

AtbPavodki 3AtbPavodki 3AtbPavodki 3

Прочитано 68 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.