Дүйсенбі, 01 Сәуір 2019 16:28

Көкшетауда үздік садақшылар анықталды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің Жастар қанаты Көкшетау қ. №2 орта мектептің спорт залында садақпен ату жарысын ұйымдастырды. Турнирге 10 ер адам мен 10 қыз бала қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық комитеттің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов садақпен атудың тарихы, ату алыстығы бойынша ең үздік жетістіктер туралы айтып берді. Тарихта ату қашықтығы бойынша ең үздік нәтижені Сұлтан Селим көрсеткен екен. Оның нәтижесі 766,3 м болған. Қазіргі садақшылар 1200 метр қашықтыққа дейін атады.

Табанды жарыста ерлер арасындағы жеңісті орындар Р.Жұмағұловқа, Д.Толқынға және Б.Жантікке бұйырды. Ал қыздар арасында «Томирис» атағына Ж.Нұрахметова, К.Тасмағамбетова және И.Шевердина ие болды.

AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15AqmTurnir 15

Прочитано 232 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.