Пятница, 19 апреля 2019 14:29

Жұмыссыз қалмау үшін қай жерден білім алу керек? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің көшбасшыларымен бірлесе отырып, мамандық таңдау мәселесін талқылады. Білім беру органдарының мәліметі бойынша, Қазақстанда колледждерде бастапқы жұмысшы мамандық игеруге мүмкіндік құрылған. Колледждер тегін оқытып қана қоймай, жастарды баспанамен, тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етеді. Техникалық мамандықтар бойынша шеберлік байқаулары өтіп тұрады, олардың жеңімпаздары халықаралық кәсіби жарыстарға қатысады. Колледж түлектерінің 90 пайызы жұмыспен қамтылады. 

Жоғары оқу орындары түлектерімен жағдай басқаша. "СПИЦ Шаңырақ" ҚБ жетекшісі Берік Ракушевтың айтуынша, орта мектептің алдыңғы қатарлы оқушылары шетелдік ЖОО-ды таңдайды, кейін олар шетелде қалып жатады. Бұған қазақстандық ЖОО-дың білім беру сапасының төмендігі мен жоғары төлемақы себеп болып отыр.

"Наше право"  ҚБ жетекшісі Владислав Шуль бұл ойды жалғастыра келе, Қазақстанда техникалық білімі бар мамандарды жұмыспен қамту нашар жүріп жатқандығын атап өтті. Көп жағдайда жалақы кәсібилікке сәйкес болмай жатады, бұған қоса жас отбасылардың әлеуметтік, тұрмыстық мәселелері бар.

 "Ділмар" пікірталас клубының белсендісі Динара Нұрсейітова,  жастар білім саласындағы қаржылық жағдай мен сыбайлас-жемқорлық салдарынан шетелдік ЖОО-ды таңдайтындығын айтты.

"Ауыл" партиясы облыстық бөлімшесінің жетекшісі Сабыржан Дүйсенов пен "Ақ жол" партиясының өкілі Есболат Дүйсембаев және оқу орындарының оқытушылары жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау сапасы мәселесін мойындап, қоғам қайраткерлері М.Крамаренко мен Г.Осипенконың тегін жоғары білім жүйесін енгізу мен мемлекеттік қаражатқа дайындалған мамандарды жұмыспен қамту жауапкершілігіне қатысты ойларын қолдады.

Талқылау соңында обком жетекшісі Бейсенбай Мәжитов озат жастардың шетелге кетуі мемлекеттік деңгейдегі мәселе, оның шешілуі қоғамның ұстанымы мен билік құрылымдарының нақты шешімдеріне байланысты екендігін айтты.

AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10AqmoProfessApril2 10

Прочитано 151 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.