Пятница, 11 мая 2018 10:41

Жеңіс күні ҚКХП Ақтөбе облыстық филиалы «Мәңгілік алау» ескерткішіне барды.

Оцените материал
(0 голосов)

Бұл жерге соғыс және еңбек ардагерлері мен әскерилер, сондай-ақ қала тұрғындары  жиналды. Олардың әрқайсысы  ұрпақтарына бейбіт күн сыйлаған Отан қорғаушыларға бас иіп, құрмет көрсетуге келді.

Салтанатты рәсімге жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Содан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ жəне ҚКХП Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері  «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағы ауыр екенін бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Ардагерлер бұл күнді асыға күтеді. Дәл осы күні олар омырауларына ордендері мен медальдарын көзге оттай басылатындай етіп тағып алады.

Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған боздақтарды еске алу күні болып та қастерленеді.

Жүздеріңізді мұң шалмасын, көңілдеріңізге кірбің түспесін, қатарларыңыз  азаймасын, ардагер ағалар!

IMG 20180509 WA0007 1IMG 20180509 WA0007 1IMG 20180509 WA0007 1

Прочитано 31 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.