Вторник, 29 января 2019 17:45

Куба революциясының 60 жылдығы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астанадағы «Жұмбақтас» қонақ үйінде  Куба революциясының 60 жылдығына орайластырылып, салтанатты қабылдау өтті.

Дипломатиялық миссиялардың басшылары, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қазақстандық коммунистер қатысқан шараны Куба Республикасының елшілігі ұйымдастырды.

Басқосу барысында бірнеше тілде, атап айтқанда испан, қазақ, орыс тілдерінде құттықтау сөз сөйленді. Қазақстан тарапынан жиынға қатысушыларды ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев құттықтады.

– Біз 60 жылдан бері түрлі қиындықтарға қарамастан тәуелсіздігімізді сақтап келе жатырмыз, – деді Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо.

Елші мырза өзінің елі және Бостандық Аралының Қазақстанмен көпжылғы қарым-қатынасы жайлы ұзақ әңгімеледі. Сөз арасында ол кеңес кезінде Куба жетекшісі Фидель Кастро қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан  Момышұлымен кездескеніне ерекше тоқталды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан соң да екі елдің байланысы үзілген жоқ. Куба алғашқылардың бірі болып біздің елдің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық байланыстың тамырын тереңдетті.

Қазақстан күні бүгінге дейін БҰҰ Бас Ассамблеясында АҚШ-тың Кубаға қарсы қолданып отырған экономикалық, сауда және қаржы блокадасын алып тастауды мәселе етіп көтеріп келеді.

Ресми рәсімдерден соң салтанатты қабылдау бейресми жиынға ұласты. Мұнда мерекелік дастархан жайылып, биге кезек берілді. Кеш барысында «Waikiki Show Band» тобы жиналғандарға латынамерикасының әндерін шырқады.

Маргарита Никитина

CKKuba 2CKKuba 2

Прочитано 275 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.