Четверг, 04 января 2018 17:56

Ауған соғысы туралы естелік Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

25 желтоқсан күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің белсенділері Мәңгілік алау мен Ауған соғысында қаза болған қазақстандық жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шара Ауған жеріне кеңестік әскердің кіру күніне орай ұйымдастырылды.

Кездесу 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Жиналғандардың алдында ҚКХП АҚК бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов сөз сөйледі:

- Ауған соғысының аяқталғанына көп жылдар өтті, осы уақыт ішінде көптеген аймақтық шиеленістер орын алды, дегенмен әлем бойынша ауған мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Бұл соғыс жайында қызу пікірталастар басылар емес. Ол соғысқа 22 296 қазақстандық қатысты, оның 924 қаза болды, 19 хабарсыз кетті, мыңдаған жауынгер мүгедек болып қайтты. Біздің сол соғыста небәрі 18-19 жастарында ерлік көрсетіп, Отан алдындағы азаматтық борыштарын орындаған азаматтарымызды ұмытуға хақымыз жоқ. Отан үшін жан қиған жауынгерлерге мәңгілік естелік!

Ауған соғысының ардагерлері мен қатысушылары естеліктерімен бөлісті. Кеңес әскері Ауғанстанға  1979 жылдың 25 желтоқсанында келе бастады. 1978 жылы Ауғанстанда тарихта Сәуір революциясы атымен қалған революция басталды. Оның нәтижесінде билікке  марксистік идеологияны ұстанған Ауған халықтық-демократиялық партиясы билікке келді. Жаңа басшылық КСРО-мен жақсы достық қарым-қатынас орнатып, елде түбегейлі реформа жасауға кіріседі. Алайда Ауғанстанды заманауи социалистік мемлекетке айналдыру бастамасы жергілікті мұсылмандар тарапынан қолдау таппай, ислам оппозициясы тарапынан қарсылық іс-әрекеттер басталады. Мұның барлығы елдегі жағдайдың тұрақсыздануына және азаматтық соғыстың басталуына әкеліп соқтырады. Күн өткен сайын ислам-моджахедтері мен басқарудың республикалық формасын қолдайтындар арасында жағдай ушыға бастайды. Моджахедтер отряды АҚШ, Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Қытайдан саяси, қаржылай және әскери көмек ала бастайды. Осыған байланысты Ауғанстан басшылығы КСРО-дан әскери қолдау сұрайды. Бірақ кеңес Одағы әу баста әскери қақтығысқа араласқысы келмейді, бірақ қару-жарақ, азық-түлікпен көмек көрсетіп тұрады. Алайда КСРО Ауғанстанды бақылаудан да жібергісі келмейді, себебі Американың әскери-экономикалық іс-әрекеті Ауғанстанның кеңестік ықпалдан шығуына қауіп төндіріп тұрды. Небәрі он жыл ішінде 15 мың кеңес жауынгерлері мен офицерлері қайтыс болды. Кеңес әскері Ауғанстан аумағын 1989 жылдың 15 ақпанында босатты.

Бірнеше күн бұрын Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлерімен кездесу өткен болатын. Сол отырыста КСРО МҚК ардагерлері керемет естеліктерімен бөлісті.  Сонымен қатар қалалық комитеттің белсендісі Дәурен Багашев сөз сөйледі:

- Қазіргі таңда Жалпы ресейлік төтенше жағдайлар комиссиясы туралы адамдарда әртүрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулер бұл ұйымның кәсібилігін, іске деген адалдығын жоғары бағаласа, ал кейбіреулер үшін бұл жазықсыз адамдардың өмірін қиған өте «қатал ұйым». Дегенмен бұл біздің тарих, оны бағалап, кемшіліктердің қайта қайталануына жол бермеуіміз қажет.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 50 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.