Пятница, 19 января 2018 14:58

АЛМАТЫЛЫҚ КОММУНИСТЕР «ӨМІР СҮРУГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!» ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

17 қаңтар күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшелері мен белсенділері «Өмір сүруге үміт сыйла!» донорлық акциясын өткізді. Халықаралық стандарт  бойынша әлемде бір мың адамға 450 мл-дан 50-55 рет қан тапсыру қажет. Қарапайым есептеулер бойынша Қазақстанда донорлар саны 750 мыңнан кем болмауы тиіс. Дені сау адамдарды донорлыққа тарту үшін ең алдымен адамдардың назарын қан донорлығы мәселесіне аударту қажет.

Алматы қалалық комитетінің белсенділері Мұхтар Рахымжанов, Дәурен Багашев, Абзал Әуелбеков және тағы басқалары акция аясында қан тапсырып, донор атанды. Жастардың мақсаты донорлық қан тапшылығы мәселесіне назар аудартып,  басқа да дені сау адамдарды донорлыққа ынталандыру.

ҚКХП АҚК Жастар қанатының жетекшісі Мұхтар Рахымжанов:

-        Біз қан тапсыратын адамдарға алғыс айтамыз, сол арқылы оларды тұрақты түрде қан тапсыруға ынталандырғымыз келеді. Дендері сау адамдарды да қан тапсырып, донор атануға шақырамыз. Біз Денсаулық сақтау министрлігі ерікті және қайтарымсыз донорлыққа ынталандыратын заң жобасын құрастыру және  енгізуге назар аударуы деп ойлаймыз.   Себебі бір тамшы қан қаншама адамның өмірін арашалап қалуы мүмкін! – деді.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 70 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.