Понедельник, 09 апреля 2018 14:10

КОММУНИСТЕРДІҢ ГРУЗИЯ САПАРЫ

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 22-29 наурыз аралығында  ОК мүшесі, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов, «Коммунист Казахстана» журналының бас редакторы Қанат Махамбет және ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің мүшесі Асылбек Шайхин іссапармен Грузия елінде болды.

Сапар барысында Грузия Бірыңғай Коммунистік партиясының жетекшілерімен және қатардағы мүшелерімен кездесу өтті. 25 наурыз күні ГБКП ОК төрағасы Темур Иосифович Пипия ГБКП  аймақтағы комитеттердің бірінші хатшыларының жиналысын өткізді, басқосуда Т.Пипия ҚКХП делегациясын партияның аймақтағы бөлімшелерінің жетекшілерімен және танымал журналист, саяси қайраткер, «Нейтральная Грузия» партиясының жетекшісі Валерий Кварацхелиямен таныстырды. ГБКП ОК төрағасының айтуынша, Грузияның Компартиясы ауыр жағдайда жұмыс істейді, дегенмен грузиялық коммунистер марксизм-ленинизм идеалдарына берік. Ә.Шапенов өз кезегінде ҚКХП Алматы ҚК жұмысы мен жалпы ҚКХП және Парламенттегі депутаттық фракцияның қызметі туралы айтып берді.

Іссапар барысында Қазақстан мен Грузияның коммунистері партияаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға уағдаласты.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Gruz2

Прочитано 16 раз
Другие материалы в этой категории: « Жаппай цифрландыру үрдісі Комсомол және тың игеру »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.