6 ақпан күні ҚКХП Алматы облыстық комитеті Талдықорған қ. Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Лениградтың фашистік блокададан толық босауының 75 жылдығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.
10 қаңтар күні Талдықорғанда Д.Қонаевтың 107 жылдығына орай салтанатты митинг пен Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кейін Оқушылар сарайында «Ұлыларды ұмытпау – парыз» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.
ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері мен ҚКЖО «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды» акциясын жалғастырып жатыр. 25 желтоқсан күні коммунистер Көксу ауданының Балпықби ауылындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында болды.
ҚКХП Алматы ОК белсенділері жоғары санатты кардиолог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, Денсаулық сақтау министрлігінің
тәуелсіз медициналық сарапшысы, «Ұлттық Медицина Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысындағы бөлімшесінің президенті Владимир Крайсман басқаратын «Нұр-Авиценум» медициналық орталығында болды.
ҚКХП Алматы облыстық комитеті Мемлекет басшысының Жалпы Еңбек қоғамын құру бастамасының аясында іс-шара өткізді. «Адам еңбекпен шыңдалады» қоғамдық пікірталастың басты мақсаты – жастарды еңбекке деген құрметке тәрбиелеу, еңбек дәстүрін сақтау және көбейту, еңбек адамы туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру.
ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері Ұлы Қазан революциясы күні Талдықорғанның орталық саябағында орналасқан 1-ші Жетісу қызыл гвардия полкінің командирі К.Л. Майстрюктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
ҚКХП Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде партия қатарына қосылуға үміткерлер мен «Шапағат» халықтық жобасының еріктілерінің және демеушілердің қатысуымен «Навстречу 100-летию ВЛКСМ» атты мерекелік іс-шара өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Сыздықов Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында 19 қазан күні Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті.
- Мемлекет жастар үшін жақсы жағдай жасап жатыр: білім беру гранттары, жатақханалардағы орындар. ЖОО бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Жолдауда айтылғандай, оқу мекемесі түлектердің жұмысқа орналасуына ықпалдасса, бұл жастар үшін жақсы қолдау болар еді, - деп айтты кездесу барысында халық қалаулысы.