Пятница, 20 апреля 2018 11:10

Алматы облысының коммунистері Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Оцените материал
(0 голосов)

Алматы облысындағы Көксу ауданына қарасты Мәмбет ауылы кеңес заманында В.И. Ленин атындағы совхоз деп аталған. Тұрғындар ауылдың революция көсемінің атымен аталатындығын мақтан тұтатын. Әрбір тұрғын бала күннен бастап жақсы оқуға, кейін адал еңбек етуге, Лениннің атына лайықты болуға тырысатын. Елді мекендегі Егінбаевтар (Жылқайдаров), Шалбаевтар, Кешуовтар, Қыстаубаевтар әулеттері өздерінің еңбектегі жетістіктерімен  бүкіл облысқа және  респубикаға танымал болған, тіпті осы күнге дейін олардан үлгі алатындар көп.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің халық коммунистері бұл ауылға жиі барып тұрады. Ауыл Ақсақалдар кеңесінің арқасында В.И. Лениннің ескерткіші сақталып тұр. Зейнеткер ұстаз Тәкен Бекішев  жергілікті әкімдік ескерткішті алып тастауға бел буғанда, автокранға ескерткішті бұзуға жол бермегендерін әлі күнге дейін үлкен жігермен айтады.

Жыл сайын ҚКХП ОК белсенділері Мәмбет ауылына барып, жергілікті жастармен Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Басқа елді мекендермен салыстырғанда бұл ауылда барлығы В.И. Лениннің тарихи тұлғасын жақсы біледі. Бұл ауыл ақсақалдары мен аға буынның өскелең ұрпаққа беріп отырған тәрбиелерінің нәтижесі.

Пролетариат көсемінің туған күнінде да ҚКХП Алматы ОК Жастар қанатының мүшелері мен белсенділері Мәмбет ауылына барып, В.И. Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ал Тәкен Әшімбаев үшін бұл күннің маңыздылығы арта түсті, себебі зейнеткерге  Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына арналған медаль табысталды.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

Alm7Alm7Alm7Alm7Alm7Alm7

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.