Суббота, 26 мая 2018 09:49

Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі

Оцените материал
(0 голосов)

 ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы С.Биғарова бүгінгі жас ұрпақ Ұлы жеңістің тарихи маңызын білуге тиіс екенін атап өтті. Ол тарихи фактілерді бұрмалау мәселесі халықаралық сипатқа ие болып  отырғанын айтып, бұл туралы алдыңғы буынның пікірін тыңдауды ұсынды.

Өз кезегінде Талдықорған қаласының құрметті азаматы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, облыстық газеттің бұрынғы редакторы Тұрсын Әбдуалиев аймақтың атынан  Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың есімдерін атады. Ол жастарды тарихи шындыққа көз жеткізуге, жалған сөзге, өтірік мәліметке сенбеуге шақырды.

Қонаевтанушы, профессор, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хания Есдәулетова жерлестерінің тылға көрсеткен көмегі жайлы тарихи фактілерді жариялады. Ол 28 панфиловшының 11-і Талдықорған облысының тумасы екенін мақтанышпен жеткізді.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мария Литвякованың ұлы, коммунист Сергей ЛитвяковҰлы Жеңіс тарихын бұрмалау оған қатысқан көзі тірі  адамдарға ауыр тиетінін тілге тиек етті. Бұдан кейін ол жастарды білім алуға, сол білім арқылы кезь келген тарихи оқиғаның шынайы бағасын беруге талпынуға үндеді.

Пікірталас соңында қорытынды құжат қабылданып, мектеп бағдарламасына кеңес-герман соғысының айтулы тұстарын оқытуға арнайы сағат бөлу туралы ұсыныс жасалды.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

33656563 1662394897189358 5738360350823153664 n33656563 1662394897189358 5738360350823153664 n33656563 1662394897189358 5738360350823153664 n33656563 1662394897189358 5738360350823153664 n33656563 1662394897189358 5738360350823153664 n

 

 

 

 

 

 

33513667 1662395127189335 1290942335953141760 n33513667 1662395127189335 1290942335953141760 n33513667 1662395127189335 1290942335953141760 n33513667 1662395127189335 1290942335953141760 n33513667 1662395127189335 1290942335953141760 n

Прочитано 50 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.