Понедельник, 04 июня 2018 11:31

Алматы облысының коммунистері ерекше балаларды мерекелерімен құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

Балаларды қорғау күні ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» МҚМ-ге барды.

Халық коммунистері түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады. Балалар интернатта өмірлерінің көп бөлігін – бірінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін өткізді. Биылғы Балаларды қорғау күні олар үшін балалықпен қоштасу күні болды. Олар үлкен кісілерше өздерінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті, шығармашыл, спорттық жетістіктері туралы әңгімеледі, өмір туралы көзқарастарын жеткізді. Сыйланған тәттілер мен кәдесыйларға балаша қуанды.

Балалардың барлығы дерлік Талдықорған қаласындағы колледждерге оқуға түспек. Тәрбиешілер тәрбиеленушілеріне бауыр басып қалғандарын, олардың басқа жағдайға қалай бейімделетіндіктеріне алаңдайтындарын мойындады. Балалардың алдағы өмірлерінде де нағыз достар мен кәсіби тәлімгерлер кездесетініне сенім білдіргіміз келеді.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

Прочитано 84 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.