Пятница, 08 июня 2018 13:52

Алматы обкомының бірінші хатшысы Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

5-6 маусым күндері ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша Панфилов ауданына барды.

Ол Жаркент қаласында Панфилов аудандық комитетінің бірінші хатшысы Д.Р. Хаказовпен кездесіп, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады.

Белгілі болғандай, Жаркент крахмал-сірне зауытының өндірістік қалдығы қала тұрғындарына кері әсерін тигізіп тұр екен. Жергілікті атқарушы билік халықтың шағымын назарға алмайтын көрінеді.

Бұдан кейін Алмалы, Басқыншы тұрғындарымен кездесу өтті. Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы ауылдық аумақ әкімі С.И. Медетбекованың, мәдениет үйінің директоры Л.Н. Масембаеваның, ауыл ақсақалдары мен кәсіпкерлерінің және ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға қатысушылар «Халық коммунистері» фракциясы өкілдерінің депутаттық сауалдарымен танысып, ҚКХП-ның ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты мәлімдемесін ой елегінен өткізді.

Ауыл тұрғындары жүгері өндірісіндегі қиындықтарға, жұмыссыздыққа, айлық жалақының төмендігіне, жеке бизнесті дамыту ортасының тапшылығына, жас отбасылардың баспанасыз жүргендігіне сонымен қатар аймақта жастар саясатының тиімсіз болып тұрғанына шағымданды.

Басқыншы ауылының ақсақалдары шілде айында ауылдың 130 жылдығына орай салтанатты шара жоспарланғанын, алайда оның тиісті дәрежеде ұйымдастырылатынына күмәнданатындарын жеткізді.

Олар мәдениет үйінің аумағы жөндеу жүргізіліп, жарық орнатылмағандықтан қаңырап тұрғанын, жастар бос уақыттарының басым бөлігін мешітте өткізуге мәжбүр екенін тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел өткен мектеп ғимараты апатты жағдайда, көшеде жарық жоқ.

Аумақ әкімі С.И. Медетбекованың мәлімдеуінше, жаңа мектептің құрылысы бюджетке енгізілген, алайда мұнда интернет болмайтыны алдын ала белгілі болып отыр. Атқарушы билік өкілдері 2,5 мың тұрғыны бар аймаққа интернет орнату тиімсіз екенін айтқан.

Жиын қорытындысында С.Т. Биғарова барлық мәселені Алматы облысының әкіміне жолдайтынын жеткізді.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

20180606 15455020180606 15455020180606 15455020180606 15455020180606 15455020180606 15455020180606 154550

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.