Четверг, 28 июня 2018 13:58

Алматы облыстық комитеті журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аймақтың белді ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтады.  Құттықтау хат пен БАҚ–тың логотипі бейнеленген торттар журналистер үшін үлкен тосынсый болды.

Биыл «Огни Алатау» мен «Жетісу» басылымдары жүз жылдықтарын атап өтуде.  Осыған орай аймақта ірі іс-шаралар өткізіліп жатыр.  Жүз жылдың ішінде екі газет те өздерінің өзектілігін жоймаған, ақпарат ұсыну формалары, қаріп түрлері, беттеу стилі өзгеріп, басылым әлі күнге дейін сұранысқа ие. ХХ ғасырдың басында «Жетісу» газетінің  редакторлығында  бірқатар қазақ зиялылары болған. Олардың ішінде Ілияс Жансүгіров, Сара Есова, Сабыржан Шөкежанов, Сәбит Мұқанов және т.б. бар. 

«Огни Алатау» редакциясында осы күнге дейін 1918 жылдың 16 сәуірінде шыққан «Заря свободы» газеті мен «Огни Алатау» атауымен шыққан алғашқы номер  сақтаулы тұр.

 Халық коммунистері барлық журналистерге шығармашылық табыс, өнімді еңбек пен отбасылық бақыт тіледі.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

36279150 1822884658020468 5880298810818691072 n36279150 1822884658020468 5880298810818691072 n36279150 1822884658020468 5880298810818691072 n36279150 1822884658020468 5880298810818691072 n

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.