Среда, 05 декабря 2018 12:25

Алматы обкомының коммунистері «Нұр-Авиценум» медициналық орталығында болды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы  ОК белсенділері жоғары санатты кардиолог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, Денсаулық сақтау  министрлігінің

тәуелсіз медициналық сарапшысы, «Ұлттық Медицина Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысындағы бөлімшесінің президенті Владимир Крайсман басқаратын  «Нұр-Авиценум» медициналық орталығында болды.

1990 жылы В.А. Крайсман Қазақстан  тарихында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік емес «Нұр-Авиценум» медициналық орталығын құрды.

2005-2006 жылдары тұңғыш рет дәрігерлер мен мейірбикелердің шет мемлекетте іс-тәжірибеден өтуіне ұйытқы болды.

В.А. Крайсман – Америка жүрек қауымдастығының, Германия, Еуропа кардиологтары қоғамының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, «Алтын Дәрігер» төсбелгісі мен «Ave Vitae» орденінің иегері.

Дәрігердің көптеген наградаларының тізіміне БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған медаль қосылды. Алматылық коммунистер медальді салтанатты түрде табыс етті.

Кездесу кезінде медициналық қызмет көрсетудің түйіткілдері тілге тиек етілді. Бұған қоса ҚКХП Алматы ОК атсалысып жүрген «Шапағат» халықтық жобасы сөз болды.

AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8AlmatyNurAvicenum 8

Прочитано 11 раз
Другие материалы в этой категории: « Адам еңбекпен шыңдалады

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.