Среда, 06 февраля 2019 16:19

Естелік сабағы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 ақпан күні ҚКХП Алматы облыстық комитеті Талдықорған қ. Өнеркәсіптік  индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Лениградтың фашистік блокададан толық босауының 75 жылдығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

Іс-шара естелік сабағы формасында өтті. Сабақ барысында слайдтар мен видеофильмдер арқылы тарихи фактілер бейнеленді.

1941 жылдың қыркүйек айының басында неміс-фашистік әскер Ленинград пен Ладож көліне жақындап, қаланы құрлық жақтан бөгеттей бастады. Алайда қаланы шабуылмен алу мүмкін болмай, жау қалаға кіре алмады. 2,5 миллион тұрғыны бар Ленинград қорғана бастады. Ленинградтықтар белсенді түрде және аянбай майданға көмектесті. Олар күні-түні Ленинград зауыттарында майданға қару-жарақ дайындады. Он мыңдаған адамдар халық жасақтарын құрды. Бірнеше айларға созылған блокададағы фашистік әскердің қаһарлы шабуылдары да, әуеден бомбылаулары да, аштық пен суықтық та Ленинград тұрғындарының еңсесін түсіре алмады.  Ленинград жауға берілмеді. 1941 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Ленинград блокадасын жоюға Қазақстанда құрылған 310-шы, кейін 314-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елдімекенін босатуға қатысты. Қазақстаннан Лениградқа он мыңдаған тонна азық-түлік жіберілді.

Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19Almaty75blokada 19

Прочитано 116 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.