Среда, 20 февраля 2019 17:10

Талдықорғанда жастар мәселесі мен жастар саясатына арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

20 ақпан күні Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында «Жастар - елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты  - аймақ жастарының өзекті мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасының жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру жұмыстарына араласу.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, Талдықорған қ. Жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Пікірталас қорытындысы  бойынша мынадай ұсыныстар жасалынды: «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін несие берудің қолжетімді талаптарын қарастыру; жас отбасыларды қолдау мақсатында қолжетімді жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын құру; жас мамандарды даярлау жоспарының жүйесін құру; оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасында жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында ынтымақтастық орнату; тәжірибе алмасу және байланыс орнату мақсатында  жастар форумдары мен жазғы лагерьлер өткізу; балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету.

AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10AlmatyObkMolod 10

Прочитано 116 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.