Бейсенбі, 28 Ақпан 2019 15:10

Алматы облысының коммунистері Коминтерннің 100 жылдығын атап өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті 27 ақпанда Коммунистік интернационалдың 100 жылдығына орайластырып «Коминтерннің құрылуы» деген тақырыпта қоғамдық талқылау ұйымдастырды.

Коммунистік интернационал – 1919-1943 жылдар аралығында әртүрлі елдердің коммунистік партияларын біріктірген халықаралық ұйым.

Ол өзін I Интернационал мен II Интернационалдың мұрагері деп жариялады.

Тұңғыш рет Интернационал құру бастамасын 1914 жылы қараша

айында Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясының Орталық Комитетінде В.И. Ленин көтерді.

Коммунистік интернационал 1919 жылы 2 наурызда Мәскеуде өткен I конгресте құрылды. Конгресс жұмысына әлемнің 21 еліндегі 35 партиядан 52 делегат қатысты. 1919 жылы қарашада Коммунистік Жастар Интернационалы құрылды. Оның саясаты бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған ұйымдарға қарсы болды.

Негізгі баяндамашы О.Ибраимов Интернационалдың пайда болуы туралы сөз қозғап, Коминтерннің құрылуы мен тарауына қатысты тарихи тұлғалардың есімдерін атады.

Жарыссөз кезінде қатысушылар пікір білдіріп, Коминтерннің күнгейі мен көлеңкесін тілге тиек етті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті музыка факультетінің оқытушысы, профессор Ж.Таубалдиева Коминтерн әнұранының тарихын әңгімелеп, әнұранның мәтінін оқыды. Жиналғандар әнұранның мәтінін профессормен бірге қайталап айтты.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

AlmObkomKomintern 5AlmObkomKomintern 5AlmObkomKomintern 5AlmObkomKomintern 5AlmObkomKomintern 5

Прочитано 237 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.