Четверг, 14 марта 2019 11:20

Әйелдің қоғамдағы орны Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы ОК Жаркент қаласындағы педагогикалық гуманитарлық  колледжде «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өткізді.

Талқылауға еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, көпбалалы аналар және колледж ұжымы қатысты.

Өзінің алғысөзінде ҚКХП Алматы ОК бірінші хатшысы Сәуле Биғарова әйелдердің қоғамдағы орнын тілге тиек етіп, гендерлік проблемаларға тоқталды.

Бұдан кейін көпбалалы ана, ғалым, ұстаз, бірнеше кітаптың авторы, қонаевтанушы, Талдықорғанның құрметті тұрғыны Хания Есдәулетова сөз сөйледі. Ол болашақ педагогтарға – педагогикалық колледждің

студенттеріне сапалы маман болып шығуға ұмтылу қажет екенін айтты.

Басқосу барысында «Әкелер одағы» қамқорлық кеңесінің өкілі мен Шәріпхан қажы және колледж директоры Б. Саурамбаева пікір білдіріп, ортаға ой тастады.

AlmObkZhens 6AlmObkZhens 6AlmObkZhens 6AlmObkZhens 6AlmObkZhens 6AlmObkZhens 6

Прочитано 126 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.