20 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы облыстық комитетінің ҚКЖО-сы «Көмек көрсету құқығы» акциясын өткізді.

14 қыркүйек күні Алматыдағы Оқушылар сарайында ҚКХП Алматы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

12 қыркүйек күні Алматыда ҚКХП Алматы ОК Қазақстан Коммунистік жастар одағының белсенділері жарық шағылыстыратын салпыншақтар мен жас жаяу жүргінші жаднамасы жазылған кітап бетбелгісін тарату акциясын өткізді.

11 шілде күні Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бақыттың кілті – еңбекте» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аймақтың белді ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтады.  Құттықтау хат пен БАҚ–тың логотипі бейнеленген торттар журналистер үшін үлкен тосынсый болды.

5-6 маусым күндері ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша Панфилов ауданына барды.

Ол Жаркент қаласында Панфилов аудандық комитетінің бірінші хатшысы Д.Р. Хаказовпен кездесіп, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады.

Белгілі болғандай, Жаркент крахмал-сірне зауытының өндірістік қалдығы қала тұрғындарына кері әсерін тигізіп тұр екен. Жергілікті атқарушы билік халықтың шағымын назарға алмайтын көрінеді.

4 маусым күні ҚКХП Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, күн сайын Талдықорғанға жұмысқа баруға мәжбүр ауыл тұрғындары және қалада ұзақ уақыт тұрса да, қалалық тіркелімі жоқ көшіп келушілер жиналды. Тыңдалымның көптеген қатысушылары облыстық комитеттің қабылдауына әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен өтініш айта келгендер.

Алматы облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сәуле Бигарова алғысөзінде партияның ағымдағы жұмысымен таныстырды, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалына жан-жақты тоқталды. Коммунистердің ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты пікірлерін егжей-тегжейлі баяндап берді.

Балаларды қорғау күні ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» МҚМ-ге барды.

Халық коммунистері түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады. Балалар интернатта өмірлерінің көп бөлігін – бірінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін өткізді. Биылғы Балаларды қорғау күні олар үшін балалықпен қоштасу күні болды. Олар үлкен кісілерше өздерінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті, шығармашыл, спорттық жетістіктері туралы әңгімеледі, өмір туралы көзқарастарын жеткізді. Сыйланған тәттілер мен кәдесыйларға балаша қуанды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.